Алматы облысында ФАО қолдауымен Қазақстан Республикасында балық өсіруді орнықты дамыту бойынша алты күндік ұлттық тренинг-семинар басталды

Алматы облысында ФАО қолдауымен Қазақстан Республикасында балық өсіруді орнықты дамыту бойынша алты күндік ұлттық тренинг-семинар басталды
 
 
Балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі балық өсіру кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, балық шаруашылығы туралы оқытулар ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялар тарту болып табылады.
 
Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанда акваөсіруді дамытуға халықаралық ұйымдарды тарту шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасында «Орталық Азиядағы балық шаруашылығы мен акваөсіруді орнықты басқару мүддесінде әлеует құру (FISHCap)» жобалық құжатына қол қойылды.
 
Осы жобаға сәйкес Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің және ФАО-ның қолдауымен, сондай-ақ, «Балық мектебі» балық өсіру мектебімен серіктестікте 2023 жылғы 13-18 наурыз аралығында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында балық өсіруді орнықты дамыту жөніндегі ұлттық тренинг-семинар ұйымдастырылды.
 
Аталған семинардың мақсатты аудиториясы Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастық өкілдері, балық өсіруді жаңадан бастаушылар және жеке сектордың әлекетті инвесторлары болып табылады. Семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға жол жүру, тамақтану және тұрақты жайға қаржылық қолдау көрсетеді.
 
Ұлттық семинар барысында алынған теориялық және практикалық білім елімізде жаңа балық өсіру шаруашылықтарының ашылуына ықпал тигізеді және жалпы акваөсіруді дамытуға бағытталатын болады.