Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру

Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру

 

Балық шаруашылығы ел экономикасында табыс көзі және халықты жұмыспен қамту, экономиканың экспорттық әлеуетін арттыру және биологиялық әртүрліліктің жаңартылатын көзі ретінде маңызды.

Осыған байланысты, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қызметі балық ресурстарын тұрақты пайдалану үшін оларды сақтауға және молайтуға бағытталған.

Бұл ретте маңызды міндеттердің бірі табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру, жолымен балық ресурстарын ұлғайту, сондай-ақ жасанды өсімін молайтуды жүзеге асыру болып табылады.

Балық шабақтарын жасанды өсіру жөніндегі функцияларды кейіннен табиғи мекендеу ортасына шығара отырып, республикалық бюджет есебінен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының, сәйкесінше Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан Қамыстыбас және Петропавл балық питомниктерінің мемлекеттік кәсіпорындары іске асырады.

Олар өсірген бағалы балық түрлерінің шабқтары жыл сайын балық шаруашылығы су айдындарына жіберіледі. Осылайша, 2023 жылы бағалы балық түрлерінің 53,6 млн.дана балық шабақтары – бекіре, ақсаха, тұқы және өсімдіктермен қоректенетін балық түрлерінің шабақтары  (ақ амур, дөңмаңдай) өсіріліп, табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.

Сонымен қатар, су айдындарын балықтандыру бойынша қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырыс жыл сайын жеке балық өсіру кәсіпорындары арасында бәсекелестік негізде орналастырылады. 2023 жылы Арал-Сырдария, Есіл, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс және Нұра-Сарысу бассейндерінің су айдындарына  бағалы балық түрлерінің 45,4 млн.дана  балық шабақтары жіберілді.

Өсірілген шабақтарды су айдындарына жіберу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциялары қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық және ғылыми ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен комиссиялық түрде жүзеге асырылды.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы Үкіметтің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген.
2030 жылға дейінгі бағдарламада мынадай негізгі индикаторлар айқындалған:
- балық өсіру көлемін жылына 7-ден 270 мың тоннаға дейін арттыру;
- балық өнімдерін ішкі тұтынуды жылына 67-ден 134 мың тоннаға дейін ұлғайту;
- балық өнімдерінің экспортын жылына 30-дан 181 мың тоннаға дейін ұлғайту.