Балық өсірушілердің назарына!
ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Балқаш-Алакөл бассейнінің су қоймаларын балықтандыру бойынша қызметтерді сатып алуға қайта конкурс жариялағанын хабарлайды.
Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына сазан-тұқы, ақ амур және дөңмаңдай шабақтарымен балықтандыру жоспарлануда.
Конкурстық құжаттамалармен www.goszakup.kz мемлекеттік сатып алу порталында іздеуге 210240006811 Комитеттің БСНін енгізу арқылы танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты + 7 (7172) 74-10-23 телефоны бойынша алуға болады.