Жиі қойылатын сұрақтар
|
Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес беріледі (бұдан әрі–Қағидалар). Сыйлықақы алуға өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар береді. Сыйлықақылар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. Сыйлықақы алуға конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыруды Уәкілеттті орган жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей интернет-ресурсқа орналастырады. Хабарландыру конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесін және сыйлықақылар беру бағыттарын қамтиды. Сыйлықақыға үміткерлер сыйлықақы алу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге); 4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес); 5) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелерін. |
6) банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама (түпнұсқа).
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру 15-бағыт бойынша жүзеге асырылады. Гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады. Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылады. Заңның 6-1 бабының 4-тармағына сәйкес грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделгенін хабарлаймыз. Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес конкурстық түрде өткізіледі. Сыйлықақы беру конкурсына Қазақстандағы барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды. |
Қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес, кеңес мүшелерінің жалпы санының үштене кісі халықтың түрлі топтарын білдіретін азаматтық қоғам өкілдері болып табылады.
Мұндай арақатынас жылдар бойы өзінің пәрменділігін көрсетті, сондықтан бұл арақатынас Министрлік әзірлеген заң жобасында өзгеріссіз қалды..
Сонымен қатар, азаматтық қоғам өкілдері арасынан кеңестер қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысын сайлау ұсынылады.
Заң жобасы ұсынған кеңестер қатарына сайлау процедурасы қарапайым адам үшін өте қолжетімді.
Әрбір азамат өтініш беруге, құжаттарды тапсыруға құқылы.
Әрбір азамат өз кандидатурасын өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады (заң жобасының 9-бабының 1-тармағы).
Бұдан басқа, азаматтар коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылуы мүмкін, бұл оларға қоғамдық кеңестердің мүшелігіне еркін кіруге мүмкіндік береді.
Қоғамдық кеңестер туралы заңнама әрбір азаматқа Қоғамдық кеңестің мүшесі болуға мүмкіндік береді. Кеңестер қатарына ҮЕҰ өкілі ғана емес, өзін-өзі ұсын уарқылы кез келген азаматта сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабында мүшелікке кандидаттарға қойылатын талаптар көзделген. Адамісті болмауы тиіс, психо және наркодиспансерде есепте тұрмауы тиіс және қоғамдық кеңестер туралы заңнамада көзделген құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұл талаптарды әрбір үміткер сақтауы тиіс.
Кандидаттарға азаматтардың құқықтарын шектейтін және көрсетілген НҚА-да көзделмеген өзге талаптар қойылмайды.
Осылайша, қоғамдық кеңестер қатарына кез келген азамат сайлана алатын қоғамдық орган болып табылады.
Қоғамдық тәртіпті, жедел медициналық көмекті, өртке қарсы қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелеріне мемлекеттік органдар жауап береді.
Ұйымдастырушы үгіт, плакаттар, транспаранттар дайындау бойынша шығыстарды, айырым белгілерін дайындау және бейбіт жиналысты өткізуді қамтамасыз етуге байланысты өзге де мәселелерді қамтамасыз етеді.
Коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік режимге қарамастан, мемлекет пен азаматтық қоғам, сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдерінің заңды әзірлеуге және талқылауға, оның ішінде онлайн-форматта қатысуға барлық қажетті жағдайлар жасалды. Заңды әзірлеу мен талқылаудың барлық кезеңдері бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.
Қазақстан Республикасының 9 қаласында (Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында) азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен 20-ға жуық тыңдаулар ұйымдастырылды.
Шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ, Орталық Азия бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының өңірлік бөлімшесі және т. б. өкілдері үшін екі рет таныстырылым өткізілді.
Парламенттегі талқылауға үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссия өкілдері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен БАҚ мүшелері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі спикерінің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге еліміздің аймақтарынан 100-ден астам ҮЕҰ қатысты. Талқылаудың әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша заңға өзгерістер енгізілді. Қабылданған заң оның бірінші редакциясына қарағанда жартысынан астамына өзгерістер енгізілді және бұл өзгерістер азаматтық сектор өкілдерінің пікірін ескере отырып жасалды.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев республикада саяси өмірді ырықтандыруға бағытталған бірқатар саяси реформалар жүргізуді ұсынды.
Бейбіт жиналыстар туралы Заң жобасы президенттік бастамалар шеңберінде әзірленген алғашқы заң жобасы болып табылады.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнама 1995 жылы қабылданып, 25 жыл өтті.
Митингтер мәдениетін қоғамдық санаға сіңіру уақыты келді. Әңгіме тек қолданыстағы заңға өзгерістер туралы ғана емес, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің барлық нысандарын регламенттейтін тұжырымдамалық жаңа заң туралы болып отыр.
Аталған заң жобасын әзірлеудің өзектілігі мен уақтылылығын отандық және халықаралық сарапшылар атап өтті.
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармағына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 213-бабына сәйкес есепті кезең басталғанға дейін және есепті кезең ішінде өз қызметін қайта бастамаған, сондай-ақ тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған үкіметтік емес ұйымдар үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды.
ҮЕҰ дерекқорында болуы ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжрибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік гранттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйақы таратуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) сәйкес әлеуетті өнім беруші, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларының (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығы) 5-тармағына сәйкес сыйлықақылар Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:
- Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.