Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі құжаттарды лингвистикалық сараптау және редакциялау секторының бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік)
Астана қаласы
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Аударма ісі
Қосымша талаптар
Қағидалардың 26-тармағына сәйкес конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Функционалды міндеттер
Есеп комитетінде бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету; Есеп комитеті құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын құжаттарды мемлекеттік тілде жасау бөлігінде орындауын мониторингілеу; Есеп комитетінің жұмыскерлері мемлекеттік тілде дайындаған келісімдердің; шарттардың; шығыс хаттардың; Интернет-ресурсқа және Интранет-порталға орналастырылатын материалдардың жобаларын редакциялауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің және Мемлекет басшысына және Қазақстан Республикасының Парламентіне Есеп комитеті жұмысының қорытындысы туралы тоқсан сайынғы ақпараттың аударылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу, мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, Есеп комитетінің мемлекеттік тілдегі құжат айналымына мониторинг жүргізу және уәкілетті мемлекеттік органға ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуді жүзеге асыру, жұмыскерлерге құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу бөлігінде консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Есеп комитеті әзірлейтін құқықтық актілерді, жиынтық талдамалық материалдарды, Сектордың жасаған жұмысы туралы есептерді, Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық, әдіснамалық және ақпараттық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.08.2021
- онлайн-форматта
-
70-69-81, 70-69-50, 70-69-61