Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Палата туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың жоғары органы.
Жоғары аудиторлық палатаның миссиясы Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржы тәртібін нығайту, мемлекет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстанның жоғары аудит органы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ретінде құрылды.
2022 жылы ҚР Конституциясына түзетулер енгізу нәтижесінде жоғары аудит органының өкілеттігі кеңейтілді.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Жоғарғы аудиторлық палатасы болып қайта құрылды.