Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Әлеуметтік салаға және құқықтық тәртіпке аудит жүргізу департаменті әкімшілік реттеу басқармасының бас сарапшы-мемлекеттік аудитордың ассистенті, B-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
В-5 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
406714
Жалпы біліктілік талаптары
В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Өзінің жұмысын басқарма басшысымен және аудиторлық іс-шараға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесімен үйлестіру; құзыреті шегінде Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысу; Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекітілген тізбесіне сәйкес Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарын сақтай отырып, тиімділік аудитін, сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін, сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге қатысу; тексеру комиссияларының, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауын бақылауға қатысу; мемлекеттік аудит тобының жетекшісі және аудиторлық іс-шараға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі бөлген жұмыс көлеміне сәйкес алдын ала зерделеу туралы есепті, жоспарлар мен бағдарламалардың, тапсырмалардың жобаларын дайындай отырып, аудит объектілерін алдын ала зерделеуді жүргізу; тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу; аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде аудит бағдарламасының мүлтіксіз және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; аудиторлық іс-шараға жауапты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне, Департамент басшылығына, сондай-ақ аудиторлық іс-шараға бекітілген, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскеріне (-леріне) Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес аудиторлық іс-шараның нәтижелері туралы апта сайын есеп беру, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі алдында күн сайын есеп беру; аудит нәтижелері бойынша белгіленген мерзімдерде Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып, аудиторлық есеп, аудиторлық есепке тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің тізілімін жасау; Жоғары аудиторлық палатаның Интеграцияланған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын орналастыру; аудиторлық іс-шараның материалдарын белгіленген мерзімдерде Жоғары аудиторлық палатаның құжат айналымына жауапты құрылымдық бөлімшесіне беру; бөлінген жұмыс көлеміне сәйкес Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық қорытындысының, қаулысының және нұсқамасының жобаларын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның отырыстарына материалдарды дайындауға қатысу; мемлекеттік аудит объектісінен келіп түскен қарсылықтарға белгіленген мерзімдерде жауап жобасын дайындау; бағалау және сапа бақылауы жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, негізделген қарсылықтар дайындау; Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыл сайынғы есепті, Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентіне тоқсан сайынғы ақпаратты дайындауға және (немесе) келісуге қатысу; қажет болған жағдайда бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтіруді және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға қатысу; мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беруге қатысу; Жоғары аудиторлық палата басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік аудит объектілерінен алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.05.2026
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
70-69-50