Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Қаржылық қамтамасыз ету және ұйымдастыру-хаттамалық жұмыс департаменті құжат айналымын бақылау және ұйымдастыру-хаттамалық жұмысы басқармасының бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
В-5 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
327923
Жалпы біліктілік талаптары
В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының және аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін аппараттық кеңестердің хаттамаларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің қорытындысына және Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жұмысының қорытындысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратқа қосу үшін қажетті материалдарды дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының қатысуымен өткізілетін кеңестердің жоспарларын, бағдарламаларын, жүргізу тәртібін және басқа да қажетті материалдарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының және аппарат басшысының қатысуымен өткізілетін кеңестерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; техникалық сүйемелдеуді (фотоға, видеоға түсіру, микрофондар, компьютерлер) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының салтанатты, мәдени-бұқаралық іс-шараларын және өзге де қоғамдық іс-шараларын уақытылы және сапалы өткізуді ұйымдастыру, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.12.2025
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
70-69-50