Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Сапаны бақылау және бағалау департаментінің бас сарапшы-мемлекеттік аудиторы, B-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
В-5 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
380391
Жалпы біліктілік талаптары
В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Кәсіби біліктілігі: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
Функционалды міндеттер
Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан аудиторлық қызметтің алдын ала және қорытынды кезеңінде мемлекеттік аудит материалдарына сапа бақылауын уақтылы және сапалы жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Үкіметіне Аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдарды және мемлекеттік аудит объектілерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың міндетті түрде орындауы үшін жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын талдау және олардың толық әрі уақтылы орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген ұсынымдардың, мемлекеттік аудит объектілеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамалары тармақтарының орындалуын мониторингілеу; мемлекеттік аудит объектісі Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы нұсқамаларының тармақтарын белгіленген мерзімдерде орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оған әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану туралы материалдар қалыптастыру; мемлекеттік аудит органдарының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауын бақылауды, есепті жасауды және жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша Қорытынды мен Нұсқамалар жобаларын дайындауды қоса алғанда, жоспарлы тәртіппен мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау бойынша тексеру; аудиторлық іс-шаралар материалдарының сапасын бақылау нәтижелері туралы, сондай-ақ талдау қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Нұсқамаларының толық және уақтылы орындалуын бақылау бойынша ақпарат (жинақтап қорыту және талдау), жиынтық сараптамалық қорытынды дайындау; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын, Департаменттің жұмыс жоспарын қалыптастыру және олардың орындалу барысын талдау; Департаментке басқа бөлімшелерден келісуге және қарауға келіп түсетін құжаттарды орындау және тиісті жауаптар дайындау; Аудиторлық қорытындылар, қорытындылар ұсынымдарының, Нұсқамалар тапсырмаларының және аудиторлық есептердің орындалуын есепке алу; Үкіметке, мемлекеттік мекемелерге және аудит объектілеріне берілген ұсынымдар мен тапсырмаларды бақылаудан алу және іс жүзінде орындамай бақылаудан алу бойынша талдау және есепке алу; сараптамалық қорытындыларды Департамент директорының қарауына енгізгенге дейін Департамент директорының орынбасарымен келісу; Аудиторлық қорытындыда, Қорытындыда қамтылған ұсынымдардың, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Нұсқамалары тапсырмаларының орындалуы бойынша қызметтік жазбаны және баспасөз релиздерінің тиісті жобаларын дайындау; аудиторлық есептерге қарсылықтарды қарау және қабылданбаған және қабылданған ескертулердің жиынтық кестесін дайындауды жүзеге асыру; қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде мемлекеттік аудит жүргізуге қатысу; құзыреті шегінде ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын, қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін бұзушылықтарды қоспағанда), сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау; Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мүшелерінің қызметін талдау, соның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мүшелерінің қызметін талдау үшін ақпарат пен материалдар жинау; талдау нәтижелерін Департамент директорының орынбасарына, Департамент директорына, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасына ұсыну; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.07.2025
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
70-69-50