Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппараты Талдау және есептілік департаменті директорының орынбасары , B-2 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
В-2 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
798951
Жалпы біліктілік талаптары
В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Бекітілген бағыттар бойынша Департамент жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүдделерін білдіру; Департаменттің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ Департамент жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу; экономиканың нақты секторында, әлеуметтік салада және құқықтық тәртіпте Департаменттің талдамалық қызметіне жетекшілік ету және: бюджеттік жоспарлауды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, жекелеген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген шығыстардың негізділігі мен дұрыстығын бағалауды; өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Жоғары аудиторлық палатаның жыл сайынғы есебін; тиісті үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау және тиісті есепті жыл үшін республикалық бюджеттің атқарылуын бағалау жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Жоғары аудиторлық палата басшылығының қатысуына талдамалық материалдарды; республикалық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуын бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын мониторингілеу және есепке алуды; нормативтік және құқықтық, әдіснамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды; экономиканың тиісті салаларының дамуы және/немесе ұлттық жобалардың іске асырылуы жөнінде тиісті ақпарат дайындай отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау нәтижелерін талдау мен жинақтап қорытуды үйлестіру және дайындауға қатысуды қамтамасыз ету; Департамент директорымен келісім бойынша республикалық бюджеттің атқарылу параметрлеріне талдау жүргізуді, елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарына, соның ішінде олардың бюджеттің болжамдық параметрлеріне әсерін бағалай отырып талдау жүргізуді, республикалық бюджет кірістерінің атқарылуына талдау жүргізуді, мемлекет активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық және өзге де есептілігіне талдау жүргізуді; республикалық бюджет шығыстарының атқарылуына талдау жүргізуді, берілген өкілеттіктер шегінде Жоғары аудиторлық палатаның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық іс-шараларының қорытындылары негізінде, соның ішінде экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және анықтау үшін талдау жүргізуді; Департаменттің қызмет аясын қозғайтын құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысуды; мемлекеттік аудит саласындағы зерттеулер тақырыптарын қалыптастыруға қатысуды; Департамент ұсынған зерттеу тақырыптары бойынша техникалық өзіндік ерекшеліктерді әзірлеуге қатысуды ұйымдастыру мен бақылауды қамтамасыз ету; жетекшілік ететін салаларда: заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, жолданымдарын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата Төрағасының блогына келіп түсетін сұрақтарды уақтылы және объективті қарау; қызметтік, баяндау жазбаларының жобаларын және басқа да ақпаратты дайындау бойынша шаралар қабылдау; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2025
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
70-69-50