Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Талдау және есептілік департаменті экономиканың нақты секторын талдау секторының бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Энергетика саласындағы экономиканың нақты секторын талдау секторына қатысты мәселелер бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша:  бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген шығыстардың негізділігі мен дұрыстығын бағалауға; өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Жоғары аудиторлық палатаның жыл сайынғы есебін дайындауға, тиісті үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы  Заңының жобасын талқылау жөнінде Қазақстан Республикасының Парламентіне Жоғары аудиторлық палата басшылығының қатысуына талдамалық материалдар дайындауға; республикалық бюджеттің қалыптасуын бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын мониторингілеу және есепке алуға; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға; талдамалық қызметтің нәтижелері бойынша өзге де (талдамалық және таныстыру) ақпаратты; Жоғары аудиторлық палатаның Интернет-ресурсына орналастыруға арналған материалдарды дайындауға қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша: елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын талдау, соның ішінде олардың бюджеттің шығыс бөлігінің параметрлеріне әсерін бағалау; республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын талдау; берілген өкілеттіктер шегінде Жоғары аудиторлық палатаның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық іс-шараларының қорытындыларын, соның ішінде экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және анықтау үшін талдау, жинақтап қорыту, жүйелеу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру қорытындылары бойынша берілген Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындауын талдау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, жолданымдарын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата Төрағасының блогына келіп түсетін сұрақтарды уақтылы және объективті қарау; бекітілген мәселелер бойынша қызметтік жазбалар және өзге де ақпаратты дайындау бойынша шаралар қабылдау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 21.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.05.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал

Анықтама алу үшін байланыс

70-69-50