Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті шоғырландырылған қаржылық есептілік секторының меңгерушісі - мемлекеттік аудиторы, B-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
В-4 (қолданыстағы) (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда)
512004
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Аппаратының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Кәсіби біліктілігі: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
Функционалды міндеттер
Жұмысын Департамент директорымен, Департамент директорының орынбасарымен үйлестіру; Шоғырландырылған қаржылық есептілік секторы жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру және бақылау; басқаратын секторының жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, олардың жұмыскерлерінің арасында міндеттердің бөлінуін келісу; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттарының, шағымдары мен арыздарының уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету; құзыреті шегінде Жоғары аудиторлық палатаның жылдық және тоқсандық жоспарларын қалыптастыруға қатысу; Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекітілген тізбесіне сәйкес, басқаратын секторының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының талаптарын сақтай отырып: тиімділік және сәйкестік мемлекеттік аудиттерін жүргізуін; тексеру комиссияларының, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізуге қатысуын; республикалық бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз ету; Жоғары аудиторлық палатаның Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен бірлескен, қатар, тексерулерді және сараптамалық-талдамалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету және (немесе) жүргізуге қатысу; аудит тобы жетекшісінің міндеттерін жүзеге асыру; басқаратын секторының алдын ала зерделеуді уақтылы және сапалы жүргізуіне, мемлекеттік аудит бағдарламасының жобасын уақтылы және сапалы дайындауына және олардың тиісті құрылымдық бөлімшелермен келісілуіне бақылауды жүзеге асыру; тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді және сектор жұмыскерлерінің тексерулерді уақтылы тіркеуіне бақылау жасау; аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізу, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзету, мемлекеттік аудиторлар арасында туындаған проблемалық мәселелерді шешу; Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес сектордың мемлекеттік аудиторларының аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері туралы апта сайынғы есептерін (апта сайынғы жиынтық есеп) жібереді және мемлекеттік аудиторлардың ұсынуын қамтамасыз ету; сектордың жұмыскерлерімен бірлесіп, аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижесі бойынша қорытындылардың, нұсқамалардың және қаулылардың жобаларын дайындайды және Жоғары аудиторлық палатаның отырыстарына қажетті материалдарды дайындау; аудит объектілері қарсылықтарының уақтылы пысықталуына және уәжделген жауаптар жіберу; басқаратын секторының аудиторлық іс-шарасына жүргізілген сапа бақылауының сараптамалық қорытындысымен және аудиторлық іс-шараның бағалау, аудиторларды рейтингілеу қорытындысымен келіспеген жағдайда, қарсылықтарды уақтылы және негізді ұсынуды және олардың белгіленген тәртіппен қаралуын қамтамасыз ету; тіркеу және Жоғары аудиторлық палатаның тиісті департаменттеріне, Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне жіберу үшін аудиторлық іс-шараның барлық материалдарының уақтылы тапсырылуын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне енгізілетін ақпараттың уақтылығы мен анықтығын қамтамасыз ету; басқаратын секторының жұмысына бағалау жүргізу үшін әрбір жұмыскер бөлінісінде аудиторлық іс-шара нәтижелерінің объективті түрде есепке алынуын бақылау; есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне жыл сайынғы есепті, Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентіне тоқсан сайынғы ақпаратты дайындауға және (немесе) келісуге қатысу; бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу жолымен қалпына келтіруді және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсетуді және нұсқаманың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға қатысу; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚтК) 216, 219, 233 (үшінші және төртінші бөлігі), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі)-баптары бойынша белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды шығару; ӘҚтК-нің 234-1, 462-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар (Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын, қаулыларын орындамау немесе тиісінше орындамау бұзушылықтарын қоспағанда) туралы хаттамаларды жасау; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау; Қазақстан Республикасының заңнамасына, Жоғары аудиторлық палата басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.04.2025
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
70-69-50