Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппараты Талдау және есептілік департаменті алдын ала бағалау секторының бас сарапшысы, B-5 (2 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
349099
Жалпы біліктілік талаптары
В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес;
4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша: Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын; Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне тоқсан сайынғы ақпаратты; алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасында көзделген шығыстарды бағалау бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды; талдамалық қызметтің нәтижелері бойынша өзге де (талдамалық және таныстыру) ақпаратты; Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастыру үшін материалдарды дайындауға қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет жобасына қосылған шығыстардың негізділігі мен анықтығын бағалауды; берілген өкілеттіктер шегінде Жоғары аудиторлық палатаның, сондай-ақ басқа да мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық іс-шараларының қорытындыларын, соның ішінде экономикалық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және анықтау үшін талдау, жинақтап қорыту, жүйелеуді; Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша Үкіметке және аудит объектілеріне, есептік қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне берілген тұжырымдары мен ұсынымдарына олардың орындалуы және республикалық бюджет жобасында ескерілуі тұрғысынан талдауды жүргізу; заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, жолданымдарын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата Төрағасының блогына келіп түсетін сұрақтарды уақтылы және объективті қарау; бекітілген мәселелер бойынша қызметтік жазбалар және өзге де ақпаратты дайындау бойынша шаралар қабылдау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadry.sk@esep.gov.kz
- 21.06.2023
- Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс, мәжіліс залы
-
87172706950, 87172706961