Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппараты Талдау және есептілік департаменті алдын ала бағалау секторының бас консультанты, B-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

399260

Жалпы біліктілік талаптары

В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;

5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Құқықтық тәртіп, өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларына қатысты мәселелер бойынша талдамалық жұмысты жүзеге асыру; жетекшілік ететін мәселелер бойынша: Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын; Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы, соның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және Парламентіне тоқсан сайынғы ақпаратты; алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасында көзделген шығыстарды бағалау бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды; талдамалық қызметтің нәтижелері бойынша өзге де (талдамалық және таныстыру) ақпаратты; Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастыру үшін материалдарды дайындауға қатысу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша: елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына талдау, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының атқарылуына талдау; республикалық бюджеттің атқарылу параметрлеріне, мемлекет активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне, қаржылық және өзге де есептілігіне талдау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштеріне талдау және олардың бюджеттің атқарылуына әсеріне бағалау жүргізу; мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сектордың құзыретіне байланысты қажетті құжаттарды Жоғары аудиторлық палатаға ұсыну туралы сұрау салулар жіберуге бастамашылық ету; заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, жолданымдарын, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата Төрағасының блогына келіп түсетін сұрақтарды уақтылы және объективті қарауды қамтамасыз ету; қызметтік, баяндау жазбаларын және өзге де ақпаратты дайындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.06.2023 – 16.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

21.06.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс, мәжіліс залы

Анықтама алу үшін байланыс

87172706950, 87172706961