Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппараты Сертификаттау және ұйымдастыру жұмысы департаменті құжаттарды лингвистикалық сараптау және редакциялау секторының бас сарапшысы, B-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

В-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

298134

Жалпы біліктілік талаптары

В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес;

4) депутаттың көмекшісі лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын құжаттарды мемлекеттік тілде жасау бөлігінде орындауын мониторингілеу; Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жұмыскерлері мемлекеттік тілде дайындаған келісімдердің; шарттардың; шығыс хаттардың; Интернет-ресурсқа және Интранет-порталға орналастырылатын материалдардың жобаларын редакциялауды; Қазақстан Республикасының Парламентіне берілетін есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің және Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Парламентіне берілетін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жұмысының қорытындысы туралы тоқсан сайынғы ақпараттың аударылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізу, мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік тілдегі құжат айналымына мониторинг жүргізу және уәкілетті мемлекеттік органға ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуді жүзеге асыру, жұмыскерлерге құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу бөлігінде консультативтік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Жоғары аудиторлық палата әзірлейтін құқықтық актілерді, жиынтық талдамалық материалдарды, Сектордың жасаған жұмысы туралы есептерді, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жылдық және тоқсандық жоспарларын, Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік және құқықтық, әдіснамалық және ақпараттық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу, өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.06.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.06.2023 – 16.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

21.06.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс, мәжіліс залы

Анықтама алу үшін байланыс

87172706950, 87172706961