Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппараты Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті әкімшілік реттеу секторының бас консультант-мемлекеттік аудиторы, (1 бірлік)
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Астана қаласы
399260
Жалпы біліктілік талаптары
В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараты мен Үкімет Аппаратының лауазымдарын қоспағанда):
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде екі жылдан кем емес;
5) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Кәсіби біліктілігі: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
Функционалды міндеттер
Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысу, алдын ала зерделеу жүргізу, мемлекеттік аудиттің жоспарларын, бағдарламаларын және аудиторлық тапсырмасын жасауға қатысу; аудит жүргізуге арналған тапсырмаларды уақтылы жасау және тіркеу; Стандарттардың және өзге де регламенттейтін актілердің талаптарына сәйкес аудит жүргізу және аудиторлық есептілікті жасау; сектор меңгерушісі болмаған жағдайда мемлекеттік аудиторлар тобы жетекшісінің міндеттерін жүзеге асыру; апта сайынғы есепті жіберу, аудит материалдарын архивке уақтылы ұсыну, әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін материалдардың уақтылы жіберілуін және құқық қорғау органдарына материалдардың уақтылы берілуін қамтамасыз ету және осы материалдардың толықтығын қамтамасыз ету; аудиттің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының отырысына материалдар жиынтығының жобасын дайындауға қатысу; Департаменттің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ Департамент жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметіне қатысты талдамалық материалдарды дайындау; Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүдделерін білдіру; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.05.2023
- Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кіреберіс, мәжіліс зал
-
87172706950, 87172706961