Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті қаржылық нарық және шоғырландырылған қаржылық есептілік секторының меңгерушісі-мемлекеттік аудитор , B-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Кәсіби біліктілігі: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

Функционалды міндеттер

Қаржылық нарық және шоғырландырылған қаржылық есептілік секторы жұмыскерлерінің қызметін үйлестіру және бақылау; құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысу,  алдын ала зерделеуді ұйымдастыру, мемлекеттік аудиттің жоспарларын, бағдарламаларын және аудиторлық тапсырмасын  жасау; аудит жүргізуге арналған тапсырмалардың уақтылы жасалуы мен тіркелуін қамтамасыз ету; аудит жүргізу және аудит тобының  Стандарттардың  және өзге де регламенттейтін актілердің талаптарына сәйкес жүргізуін бақылау, аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізу, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын түзету, мемлекеттік аудиторлардың арасында туындайтын проблемалық мәселелерді шешу, апта сайынғы жиынтық есепті жіберу, аудит материалдарын архивке уақтылы ұсыну, әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін материалдардың уақтылы жіберілуін және құқық қорғау органдарына материалдардың уақтылы берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы материалдардың толықтығын қамтамасыз ету; аудиттің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының отырысына материалдар  жиынтығының жобасын дайындау; Департаменттің жұмысын жетілдіру, сондай-ақ Департамент жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметіне қатысты талдамалық  материалдарды дайындау; Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүдделерін  білдіру; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.04.2023 – 12.04.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.04.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кірберіс, мәжіліс зал

Анықтама алу үшін байланыс

87172706950, 87172706961