Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Мемлекеттік басқаруға аудит жүргізу департаменті бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптастырылуына аудит жүргізу секторының бас консультант - мемлекеттік аудиторы, B-4 (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Аймақ

Астана қаласы

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Кәсіби біліктілігі: мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуі туралы мемлекеттік
аудитор сертификатының болуы.

Функционалды міндеттер

Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға
арналған тізбесін қалыптастыруға қатысу, алдын ала зерделеу жүргізу, мемлекеттік
аудиттің жоспарларын, бағдарламаларын және аудиторлық тапсырмасын жасауға
қатысу; аудит жүргізуге арналған тапсырмаларды уақтылы жасау және тіркеу;
Стандарттардың және өзге де регламенттейтін актілердің талаптарына сәйкес аудит
жүргізу және аудиторлық есептілікті жасау; сектор меңгерушісі болмаған жағдайда
мемлекеттік аудиторлар тобы жетекшісінің міндеттерін жүзеге асыру; апта сайынғы
есепті жіберу, аудит материалдарын архивке уақтылы ұсыну, әкімшілік іс жүргізуді
қозғау үшін материалдардың уақтылы жіберілуін және құқық қорғау органдарына
материалдардың уақтылы берілуін қамтамасыз ету және осы материалдардың
толықтығын қамтамасыз ету; аудиттің қорытындылары бойынша Қазақстан
Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының отырысына материалдар
жиынтығының жобасын дайындауға қатысу; Департаменттің жұмысын жетілдіру,
сондай-ақ Департамент жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар
енгізу; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық және әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу, Қазақстан
Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметіне қатысты талдамалық
материалдарды дайындау; Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүдделерін білдіру; өз
құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.02.2023 – 23.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.02.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы Есіл ауданы Мәңгілік Ел даңғылы 8-үй "Министрліктер үйі" 10-кірберіс, мәжіліс зал

Анықтама алу үшін байланыс

87172706950, 87172706961