Мемлекеттік қызметші – мәртебелі міндет: жауапкершілік, абырой және қоғамға қызмет ету

Мемлекеттік қызметші – мәртебелі міндет: жауапкершілік, абырой және қоғамға қызмет ету

Мемлекеттік қызметші болу – тек лауазымдық міндеттерді атқару ғана емес, күн сайын қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ету деген сөз. Әсіресе, бұл Жоғары аудиторлық палата сияқты конституциялық мәртебесі бар орган жүйесінде аса маңызды. Мұнда әрбір қызметкер мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуына ерекше жауапкершілікпен қарайды.

Осы сұхбатта Қазақстанның жоғары аудит органының аппарат басшысы Құндызбек Әбдірасылов мемлекеттік қызметтің кәсіби қағидаттары, сын-қатерлері мен миссиясы жайлы әңгімелейді.

— Құндызбек Болатұлы, қазіргі қоғамдағы мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен оның маңызын қалай бағалар едіңіз?

Мемлекеттік қызмет – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен тиімділігінің негізі. Оның басты мақсаты – билік пен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ету, мемлекеттік шешімдерді іске асыру, азаматтардың мүддесін қорғау және елдің дамуына ықпал ету.

Мемлекеттік қызмет мәртебесі әрбір қызметкерден жоғары кәсіби құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар жеке адамгершілік кемелдікті де талап етеді. Бұл – сенімді ақтау басты құндылық саналатын ерекше қызмет түрі. Сондықтан мемлекеттік қызмет артықшылық емес, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілік ретінде қабылдануы тиіс.

— Жоғары аудиторлық палата жүйесінде мемлекеттік қызметші болу сіз үшін нені білдіреді?

Жоғары аудиторлық палатада жұмыс істеу – үлкен мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Біз мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қадағалаймыз, мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғаймыз. Бұл – қырағылықты, тәуелсіз ойлау мен беделге нұқсан келтірмеуді талап ететін күнделікті еңбек. Заңдылық пен кәсіби этика мәселесінде ешқандай ымыраға жол берілмейді.

— Сыртқы мемлекеттік аудит органдары қызметкерінің қандай басты қасиеттері болуы тиіс деп ойлайсыз?

Ең алдымен адалдық, принципшілдік және тәуелсіздік. Сондай-ақ сараптамалық ойлау, ұқыптылық және әр шешімнің салдарын көре білу қабілеті маңызды. Біздің салада «шаблон бойынша» жұмыс істеу мүмкін емес, әрбір тексеріс ерекше, әрбір қорытынды мемлекеттік саясаттың қалыптасуына ықпал етеді. Әрине, үздіксіз кәсіби дамуды да ескеру қажет, өйткені заңнама, тәсілдер мен тәуекелдер өзгеріп отырады, әрдайым бір қадам алда болу қажет.

— Жоғары аудиторлық палатадағы мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік басқару салаларынан несімен ерекшеленеді?

Жоғары аудиторлық палата – ерекше конституциялық мәртебесі бар орган. Біздің қызметіміз тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп береміз. Бұл тәуелсіздік одан да жоғары объективтілікті және бейтараптықты талап етеді. Біз тек заң бұзушылықтарын анықтап қана қоймай, сонымен бірге тұтас экономикалық және әлеуметтік салалардың тиімділігіне ықпал ететін ұсынымдар береміз. Бұл терең сараптамалық білімді және жүйелі көзқарасты қажет етеді.

— Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер қандай сын-қатерлерге тап болып отыр?

Қазіргі мемлекеттік аппарат – қоғам сұраныстарына үнемі бейімделетін тірі жүйе. Біз цифрландыру, ашықтық дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, ал халық бізден жедел, білікті және тиімді қызмет көрсетуді күтеді. Басты сын-қатерлердің бірі – сенімді ақтау. Бір адамның қателігі тұтас жүйенің беделіне кір келтіреді. Сондықтан әр мемлекеттік қызметші өзінің әрекеті қоғамның мемлекетке деген көзқарасын қалыптастыратынын түсінуі тиіс.

— Сіздің ойыңызша нағыз мемлекеттік қызметшінің басты қасиеттері қандай?

Адалдық, кәсіби шеберлік, отансүйгіштік және антқа адалдық – басты қасиеттер. Мемлекеттік қызметші заңды сақтау, әділеттілік пен халыққа құрмет көрсетудің үлгісі болуы тиіс. Сонымен қатар ол үнемі білімін жетілдіруге, өзгерістерге ашық болуға және алдын ала әрекет етуге міндетті, өйткені оның шешімдеріне азаматтардың өмір сүру сапасы байланысты болады.

Мемлекеттік қызметші болу – жай ғана мамандық емес, ең алдымен қоғамға қызмет ету және халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл – мемлекеттің сенімі, адалдық, ашықтықты және ел мүддесіне қызмет етуді талап етеді. Мемлекеттік қызметтегі әр күнін жеке басының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қою таңдауынан тұрады.

— «Адал Азамат» жол картасы аясында мемлекеттік қызметте жеке қасиеттерді және кәсіби дағдыларды дамыту қаншалықты маңызды?

Жеке қасиеттер мен кәсіби дағдыларды дамыту – тиімді мемлекеттік қызметтің іргетасы. Әсіресе, бүгінде қоғам бізден тек құзыреттілікті ғана емес, сонымен қатар жоғары моральдық деңгейді күтеді. Бұл адал, ашық әрі жауапты мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған, әрбір қызметкер көпшілікке үлгі болуы тиіс «Адал Азамат» идеалдарын ілгерілетуге арналған жол картасында айқын көрсетілген.

Бұл бастама қызмет ету мәдениетінің, азаматтарға құрметтің және кәсіби дамуға ұмтылудың маңыздылығын көрсетеді. Осы тұжырымдама аясында қызметтік міндеттерімізді орындап қана қоймай, рухани құндылықтарды, сенім мен әділеттілікті жеткізушіміз. «Адал Азамат» идеалдарына адал болу – әр мемлекеттік қызметші көрсетуге тиіс мінез-құлықтың ең жоғары стандарттарының нақты көрінісі.

Сондықтан өз-өзіңмен жүйелі жұмыс істеу, адалдық, кері байланысқа ашық болу және өзгерістерге дайын болу – мамандығымыздың ажырамас бөлігі. Тек осылай ғана біз қоғам сенімін нығайтып, елдің орнықты дамуын қамтамасыз ете аламыз.