2020 жылғы 29 қаңтарда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде азаматтарды қабылдау өтеді


Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова 29 қаңтарда сағат 10-00-ден 12.30-ға дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, №8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 10-кіреберіс, Б-119-мәжіліс залы мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайды.
Қабылдауға жазылу үшін (7172) 70-70-62, 70-70-37 телефон нөмірлері, немесе 28 қаңтар сағат 18.00-ге дейін esep01@esep.gov.kz электрондық мекен-жайына өзі туралы мынадай мәліметтерді жіберу қажет: А.Ә.Т., ЖСН, байланыс телефоны және сұрақ.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес Есеп комитеті Төрайымының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №268-н/қ бұйрығымен Есеп комитеті басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді.
Сондай-ақ, Есеп комитетінің халықпен кері байланысына Төрайымның ресми блогы және www.esep.kz ресми сайты арқылы тұрақты негізде қолдау көрсетілетінін хабарлаймыз.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
29 қаңтар 2020
26 наурыз 2020
г. Нур-Султан, проспект Мәңгілік ел, дом №8, здание «Дом министерств», 10 подъезд, Б-119 - Мажилис зал.
Кездесу