Астанада «дәрежесі бойынша тең» халықаралық тексеруінің қорытындысы талқыланады
2026 жылғы 5 маусымда Астанада Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасына қатысты Португалия, Литва және Түркияның жоғары аудит органдары жүргізген «дәрежесі бойынша тең» (Peer Review) халықаралық тексеруінің қорытындысы талқыланады.
Іс-шараға тексеруге қатысқан жоғары аудит органдарының басшылары мен өкілдері қатысады.
Кездесу барысында тексеру нәтижелері мен Қазақстанның мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі халықаралық сарапшылардың ұсынымдары таныстырылады.
Оқиға күні
05 маусым 2026
Оқиға түрі
Есеп беру кездесуі