Әлихан Смайылов ШЫҰ жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуіне қатысады
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов бастаған қазақстандық делегация Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барады. Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің жоғарғы аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі жоспарланған.
Іс-шара аясында өткен кезеңдегі жоғарғы аудит органдары арасындағы ынтымақтастық нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы қатар жүргізілген аудиттің қорытындылары қаралады. Сонымен қатар су ресурстарына аудит жүргізу тақырыбында сессия өтеді.
Сондай-ақ жұмыс кестесіне сәйкес Әлихан Смайылов Тәжікстанның Есеп палатасының төрағасымен және Пәкістанның бас аудиторымен екіжақты кездесулер өткізеді.
Басталу уақыты
14 сәуір 2025
Соңғы күні
16 сәуір 2025
Өткізу орны
Тәжікстан, Душанбе қ.
Оқиға түрі
Рабочая поездка