2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы және Оқу комитетінің 23-отырысы өтеді
2024 жылғы 11-12 қыркүйекте Астанада ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 28-отырысы және Оқу комитетінің 23-отырысы өтеді. Жиындар барысында жұмыс есебі, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері және ұйымның ағымдағы қызметінің өзекті бағыттары қаралады.
Іс-шараларға Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан және Түркияның жоғары аудит органдарының өкілдері мен мамандары қатысады.
ЭКОСАИ – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің жоғары аудит органдарын біріктіретін өңірлік ұйым. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы 2022 жылы ЭКОСАИ басқарма кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Басталу уақыты
11 қыркүйек 2024
Соңғы күні
12 қыркүйек 2024
Оқиға түрі
Отырыс