ҚР Жоғары аудиторлық палатасын «дәрежесі бойынша тең тексеру»: Астанаға Литва, Португалия және Түркиядан аудиторлар келді
Португалия Аудиторлар сотының судьясы Мария Да Луш Кармезим Фария бастаған Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдарының мамандары «дәрежесі бойынша тең» форматында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы қызметін тексеру үшін Астанаға 5 күндік жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында әріптес елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының жұмыс әдіснамасымен, мемлекеттік аудиттің IT-шешімдерімен, аудит объектілерін іріктеу тәуекелдерін басқару жүйесімен, аудиторлық процесті ұйымдастырумен және әр жылдары жүргізілген аудит материалдарымен танысады. Шетелдік мамандар тақырыптық кездесулер мен кеңестерге де қатысады.
Басталу уақыты
22 шілде 2024
Соңғы күні
26 шілде 2024
Оқиға түрі
Отырыс