Жоғары аудиторлық палата төрағасының Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапары

Жоғары аудиторлық палата төрағасының Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапары

Екі елдің Президенттері қол қойған Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Әзербайжан Есеп палатасына ресми сапармен барады.

Негізгі іс-шаралар:

  • Әзербайжан Есеп палатасының төрағасы Вюгар Гюльмамедовпен екіжақты кездесу;
  • Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Әзербайжан Есеп палатасы арасында екіжақты ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы жаңартылған меморандумға қол қою;
  • Әзербайжан Есеп палатасының қызметкерлеріне инвестициялық жобаларды іске асыру аудиттерін жүргізудің әдіснамалық тәсілдері бойынша семинар, сондай-ақ ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметі бойынша презентация;
  • елдің мемлекеттік мұнай қорының және DOST электрондық үкімет орталығының қызметімен танысу.
Басталу уақыты

10 шілде 2024

Соңғы күні

11 шілде 2024

Оқиға түрі

Рабочая поездка