Азия жоғары аудит органдары ұйымының Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының (АЗОСАИ ЭАЖТ) 9-отырысы

Азия жоғары аудит органдары ұйымының Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының (АЗОСАИ ЭАЖТ)  9-отырысы

2023 жылғы 23-24 тамызда Sheraton Astana қонақ үйінде (Астана қ.) Азия жоғары аудит органдары ұйымының Экологиялық аудит жөніндегі жұмыс тобының (АЗОСАИ ЭАЖТ)  9-отырысы өтеді. Отырысқа 15-тен астам АЗОСАИ ЭАЖТ-ға мүше шет ел (Вьетнам, Индонезия, Үндістан, Иордания, Қытай, Кувейт, Малайзия, Марокко, Непал, Пәкістан, Филиппин, Ресей Федерациясы, Таиланд, Түркия, Финляндия) жоғары аудит органдарының өкілдері қатысады.

Ашылу салтанатында Қазақстанның ЖАО Төрағасы – Наталья Годунова және Қытайдың ЖАО Бас аудиторының орынбасары, АЗОСАИ ЭАЖТ төрағасы – Ли Фэн мырза құттықтау сөзін сөйлейді.

Іс-шара аясында климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және ауыз су қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинар өткізіледі, сонымен қатар АЗОСАИ ЭАЖТ жобалары туралы есеп тыңдалады.

Басталу уақыты

23 тамыз 2023

Соңғы күні

24 тамыз 2023

Оқиға түрі

Отырыс