2022 жылғы 25-26 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ЭКОСАИ Ассамблеясының 9-отырысын, ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 26-отырысын және ЭКОСАИ Оқу комитетінің 21-отырысын өткізеді.

Іс-шараға 11 елдің жоғары аудит органдарының басшылары қатысады.

Бірінші күні  ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 26-отырысын және ЭКОСАИ Оқу комитетінің 21-отырысын өткізу жоспарлануда, онда Оқу комитетінің қызметі қорытындыланып, ЭКОСАИ Хатшылығының атқарған жұмысы туралы есептер тыңдалады.

Іс-шараның екінші күнінде ЭКОСАИ Ассамблеясының 9-отырысын өткізу, ЭКОСАИ президентін,  Басқарма кеңесінің және Аудиторлық комитеттің мүшелерін сайлау жоспарлануда.

*ЭКОСАИ – Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымы.

**Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019-2022 жж. өкілеттілігі үш жылдық мерзімге ЭКОСАИ-дің Президенті болды.

Басталу уақыты

25 тамыз 2022

Соңғы күні

26 тамыз 2022

Оқиға түрі

Конференция