Зерттеу жұмысының мақсаты – мемлекеттік аудит саласындағы ТБЖ халықаралық тәжірибесін талдау негізінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру практикасында, соның ішінде экономикалық-математикалық модельді әзірлеу негізінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесінің (бұдан әрі – ТБҮЖ) әдістемесін жетілдіру. Бұл қолданыстағы тәсілдер мен әдістемелерді жүйелеу ғана емес, сонымен қатар елдегі мемлекеттік аудитті жақсартуға бейімделуі мүмкін ең тиімді тәжірибелерді анықтауға мүмкіндік береді.