Аудиторлық іс-шараның атауы: Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.
Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Мемлекеттік аудит объектілерінің электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау.
Мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі» ММ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ, «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығы (ұйымдардың саласы мен қызметін талдау мақсатында бағдарламалық құжаттар мен жобалардың іске асырылуы 1999 жылдан бастап қаралды).