Аудиторлық іс-шараның атауы: «Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу».
Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Маңғыстау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау.
Мемлекеттік аудит объектілері: «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (бұдан әрі – Экономика басқармасы), «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Қаржы басқармасы), «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ (бұдан әрі – Білім басқармасы), «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Құрылыс басқармасы), «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы басқармасы, АШБ), «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ (бұдан әрі – Кәсіпкерлік басқармасы), «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрі – Көлік басқармасы), «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» (бұдан әрі – Энергетика басқармасы), «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ, «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ, «Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі», ММ, «Ақтау қалалық білім бөлімінің №21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, (бұдан әрі – Ақтау қаласы №21 ОМ), «Мұнайлы ауданы білім бөлімінің» №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ (бұдан әрі – №6 ОМ), «Мұнайлы ауданы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ (бұдан әрі – №9 ОМ), «Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің №21 жалпы білім беретін мектебі» КММ (бұдан әрі – Жаңаөзен қаласы №21 ОМ).
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығы (жекелеген мәселелерді талдау үшін басқа кезеңдер қамтылған).