Аудиторлық іс-шараның атауы: «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит.
Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның қызметін бағалау.
Мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігі» ММ (бұдан әрі – Министрлік, Мәдениет және спорт министрлігі), «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ (бұдан әрі – Комитет, Туризм индустриясы комитеті), «Kazakh Tourism» ҰК» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Kazakh Tourism» АҚ).
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2019 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығы (Аудит бағдарламасының жекелеген мәселелерін ашу үшін 2001 жылғы 1 қаңтар - 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең қосымша талдаумен қамтылды).