Жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: «Жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу».

Аудит нысанасы (аудит объектісі және мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең)

Объекты государственного аудита: Мемлекеттік мекемелер:

  • «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі»;
  • «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті»;
  • «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті» және оның Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттері;
  • «Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
  • «Астана-Теплотранзит» АҚ;
  • «Астана-Энергия» АҚ»;
  • «Батыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
  • «Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»;
  • Жайықжылуэнерго АҚ;
  • «Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»;
  • «Қарағанды қаласының Құрылыс бөлімі»;
  • «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС;
  • «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС;
  • «Арқалық қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»;
  • «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтар – 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығы.

Дата публикации
26 мая 2023