Орта білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландырумен байланысты шаралардың іске асырылу, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелері туралы АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: Орта білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландырумен байланысты шаралардың іске асырылу,           сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Орта білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландырумен байланысты шаралардың іске асырылу,            сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалау.

Мемлекеттік аудит объектілері: «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі», «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті», «Атырау облысының білім басқармасы», «Астана қаласының құрылыс басқармасы», «Астана қаласының білім басқармасы», «Астана қаласы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті», «Шымкент қаласы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті», «Атырау облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті», «Түркістан облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемелері және «Қаржы орталығы» АҚ.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтар - 2022 жылғы 30 қыркүйек аралығы (жекелеген мәселелерді талдау үшін 2012 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейінгі кезең қамтылды).

Дата публикации
09 марта 2023