Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мемлекеттік саясатының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мемлекеттік саясатының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудит объектілері: 1) «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Агенттік, ҚМА); 2) «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ҰСБ); 3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет, МКК).

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығы.

Дата публикации
21 января 2025