Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың назарына

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдаған Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту шеңберінде (2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулы) а.ж. мамыр-маусым айларында Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) кандидаттармен әңгімелесу өткізу бойынша отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мүмкін болмай отыр.

Сонымен бірге, Ұлттық комиссияға өтініштерді және қажетті құжаттарды қабылдау Ұлттық комиссияның жұмыс органының (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті) esep01@esep.gov.kz ресми электрондық мекенжайына жіберу арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жалғасатынын хабарлаймыз.

Ұлттық комиссияның кезекті отырысының өтетін нақты күні мен уақыты және Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту үшін кандидаттар тізімі белгіленген тәртіппен хабарланатын болады.

 

 

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер

адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық

комиссияның жұмыс органы

8-7172-70-70-47, 8-701-55541-04

Дата публикации
13 мая 2020