Отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерді қолдау шараларының, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС-ның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлауды, олардың қажеттілігін анықтауды, сатып алуды, бөлуді ұйымдастыру бойынша қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы АҚПАРАТ

Аудиторлық іс-шараның атауы: Отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерді қолдау шараларының,  сондай-ақ
«СҚ-Фармация» ЖШС-ның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлауды, олардың қажеттілігін анықтауды, сатып алуды, бөлуді ұйымдастыру бойынша қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін, сондай-ақ «СҚ-Фармация» ЖШС-ның халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (барлық аудит объектілері бойынша қамту кезеңі – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, ал «СҚ-Фармация» ЖШС мен үстеме тексеру объектілері «АЛМЕРЕК» ЖШС-да
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсан, «Vita Pharma» ЖШС-да 
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығында).

Жарияланған күні

31 тамыз 2026 14:19

Жаңарту күні

31 тамыз 2026