Азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Аудиторлық іс-шараның атауы: Азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігіне аудит жүргізу.

Мемлекеттік аудиттің мақсаты: азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудың тиімділігін бағалау.

Мемлекеттік аудит объектілері: 4 негізгі объект «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» ММ (бұдан әрі – Министрлік, Еңбекмині), «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті» РММ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ; 1 үстеме тексеру объектісі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ (бұдан әрі – КеАҚ,  Мемлекеттік корпорация).

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығы.

Азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын шаралардың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Дата публикации
16 февраля 2026