Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Жалпы ақпарат, білімі
1975 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында туған.
2000 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Мансап
1992–1993 жж. — «Шымкентмелиорация» 23-ЖМК қызметкері.
1997–1998 жж. — Шымкент қаласы бойынша қаржы бөлімінің жетекші маманы.
1998–2004 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы департаментінің бас маманы, бөлім басшысы.
2004–2008 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласы бойынша қаржы бөлімінің басшысы.
2008 ж. — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі бөлімінің басшысы.
2008–2009 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2009–2013 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
2013–2016 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.
2016–2022 жж. — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 375-VII ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 1498 қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2020 ж.), «Құрмет» орденімен (2026 ж.), ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталған.
Жетекшілік ететін бағыты
- Тексеру комиссияларымен өзара іс-қимыл.
- Жоғары аудиторлық палатаның қызметін жетекшілік ететін бағыттары бойынша ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу.
- Әзірлеушілері орталық мемлекеттік органдар болып табылатын НҚА жобаларын жетекшілік ететін бағыттары бойынша қарау (келісу).
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
- Тексеру комиссиялары, ғылыми ұйымдар.
Консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл:
- Зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия.
- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру жөніндегі кіші комитеті.
Халықаралық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Дүниежүзілік банк.
- Халықаралық валюта қоры.
- Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдарының ұйымы (ЭКОСАИ).