«Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссия), 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама телефоны: 8-714-2-56-88-30, электрондық мекенжайы: a.bisakhalov@esep-kst.gov.kz (максималды рұқсат етілген файл өлшемі – 10 MB) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Әкімшілік - құқықтық бөлімінің бас инспекторы – бас бухгалтері (уақытша, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 2027 жылғы 28 қыркүйекке дейін. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы), В блогы, D-3 санаты, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 263131,00 теңгеден 302205,00 теңгеге дейін.