2023 жылғы 29 тамыздағы Үкімет отырысына Энергетика министрі А.М. Сәтқалиевтің баяндамасы

Құрметті Әлихан Асханұлы!
Энергетика министрлігінің көмірсутектер бөлігінде геологиялық саланы дамыту бойынша жұмысы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
СЛАЙД 1
Өздеріңіз білетіндей, Министрлік өткен жылы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға инвестиция тарту мақсатында бірқатар заңнамалық бастамалар қабылдады:
- «Дәстүрлі емес көмірсутектер» деген ұғым енгізілді, дәстүрлі емес көмірсутектерді есептеу жөніндегі нұсқаулық пен әдістеме қабылданды. Бұл «жеңіл мұнайды» игеруден «алынуы қиын» мұнайды игеру үшін ауысуға дайын болуға мүмкіндік береді.
(өзгерістер 2022 жылғы 30 маусымда «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, Мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері жөніндегі» заң шеңберінде қабылданды).
- Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі оңайлатылды.
Анықтама:
- мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен интеграциялау, бұл аукционға ұсынылатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді;
* кепілдік жарнаны енгізу (бұрын аукциондарда олар бағаны көтере алды, содан кейін келісімшарт жасасудан бас тартады. Енді келісімшарт жасаспаса, кепілдік жарна сомасы қайтарылмайды);
* екінші орын алған қатысушымен келісімшарт жасасу (бірінші жеңімпаз қол қою бонусын төлемеген жағдайда);
(өзгерістер 2022 жылғы 14 шілдеде «инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі» заң шеңберінде қабылданды).
- Жер қойнауын пайдалану саласында күрделі жобалар бойынша «жақсартылған модельдік келісімшарт» енгізілді. Мұнда маңызды реттеушілік және фискалдық преференциялар пакеті бекітілген.
Анықтама:
Бүгінгі таңда күрделі жобалар бойынша 3 келісімшарт жасалды:
- Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов (ҚМГ с Лукойл) кен орындарында көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт.
Құрылыс кезеңіндегі инвестициялар көлемі (2023-2029 жж.) шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрайды.
Құрылыс кезеңінде 2000-ға жуық қызметкерді және операциялық кезеңге 200 адамды тарту (2029-2052 жж.).
- Қаратон тұзасты (ҚМГ Татнефтьпен бірге) учаскесінде көмірсутектерді барлауға арналған келісімшарт.
Инвестиция көлемі шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.
Предполагается привлечение также порядка 2000 работников на период строительства (2023-2030 гг.) и 190 человек на операционный этап (2030-2051 гг.).
- Шығыс Өріктау кен орнында өндіруге арналған келісімшарт («Өріктау Оперейтинг» ЖШС).
Инвестиция көлемі шамамен 51 млрд теңгені құрайды.
Құрылыс кезеңінде 300 қызметкерді және операциялық кезеңге 110 адамды тарту көзделіп отыр.
(өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберінде 2022 жылғы 29 желтоқсанда қабылданды).
Осы жылы Министрлік депутаттармен бірлесіп, «Жер қойнауы туралы» кодекске тағы да түзетулер дайындады. Онда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін ынталандыру шаралары көзделеді.
Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.
СЛАЙД 2
1 тамыздағы жағдай бойынша көмірсутектер саласында 292 келісімшарт қолданылады, оның ішінде Өнімді бөлу туралы келісім – 9, барлауға – 26, барлауға және өндіруге – 147 және өндіруге – 110 келісімшарт.
2023 жылдың 1-ші жартыжылдығында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға инвестициялардың жалпы көлемі – 4 трлн. теңге, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110% құрайды (2022 жылы инвестициялар-3,6 трлн. теңге).
Оның ішінде биылғы жылдың 6 айында геологиялық барлауға жұмсалған шығындар 187 млрд.теңгені құрады, ал 2022 жылы – 135,7 млрд. теңге болған еді.
Өткен жылы қабылданған заңнамалық өзгерістер келісімшарттардың барлаудан өндіруге жылдам ауысуына ықпал етті (а.ж. 1 жартыжылдықта 16 келісімшарт, 2022 жылы өндіруге 13 келісімшарт ауыстырылды).
Сонымен қатар, инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылар жақсартылған модельдік келісімшартқа үлкен қызығушылық танытты.
Өздеріңіз білетіндей, осы жылдың басынан бастап күрделі жобалар бойынша 3 келісімшарт жасалды, олардың құны құрылыс кезеңінде шамамен 8 млрд.АҚШ доллары болды.
Анықтама:
1) Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов кен орындарында көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт. Инвестициялар шамамен 6 млрд АҚШ доллары (ҚМГ, Лукойл).
2) Каратон подсолевой учаскесін барлауға арналған келісімшарт. Инвестициялар шамамен 2 млрд. АҚШ доллары (ҚМГ, Татнефть).
3) Шығыс Өріктау кен орнын өндіруге арналған келісімшарт. Инвестициялар шамамен 51 млрд. теңге.
Бұдан басқа, жақсартылған модельдік келісімшартқа көшу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар бұрғылау және барлау жұмыстарын жандандырады. Ондағы басты шарт – жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстардың физикалық көлемін толық орындау.
Осылайша, өткен жылы қабылданған реформалар біртіндеп тиімділікті көрсетіп келеді. Бұны инвестициялардың өсуі, жер қойнауын пайдаланушы қабылдаған келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы және кен орындарын өнеркәсіптік өндіріске жедел тарту растап отыр.
СЛАЙД 3
Министрлік жосықсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау мақсатында келісімшарттарға ревизия жасап жатыр.
2022 жылдан бастап Министрлік 29 келісімшартты бұзды, 9 келісімшарт бойынша 1,9 млрд. теңге сомаға берешек өтелді.
Мемлекетке қайтарылған жер қойнауы учаскелері аукционға қойылады. Бұл геологиялық барлауға инвестициялар тарту және бұрынғы иелері ұзақ уақыт ұстап отырған кен орындарын өнеркәсіптік айналымға жылдам енгізу мақсатында жасалады.
Мәселен, биылғы 12 шілдеде кезекті электрондық аукцион өтті, оның нәтижелері бойынша 3,4 млрд.теңге сомасына қол қою бонусын төлей отырып, 11 жер қойнауы учаскесі (7 – барлауға және өндіруге, 4 – өндіруге) сатылды.
Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 35 млн. долларды құрады.
Осы жылдың соңына дейін тағы 2 электрондық аукцион өткізу жоспарлануда.
Келесі аукцион ағымдағы жылдың 20 қазанына жоспарланған, онда 11 жер қойнауы учаскесі (9 – барлауға және өндіруге, 2 – өндіруге) қойылған.
Бастапқы қол қою бонусы – 456 млн теңге.
Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 42,5 млн. долларды құрайды.
Баяндама соңында Министрлік салаға инвестициялар тарту үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, әрбір кезеңде жер қойнауын пайдалану құқығын берудің түсінікті және ашық рәсімдерін қамтамасыз ету және көмірсутектер саласындағы геологиялық саланы дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын тағы да атап өткім келеді.
Баяндама аяқталды.
Назарларыңызға рақмет.