ҚР Энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің 14 ақпандағы Үкімет отырысында жасаған баяндамасы

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларындағы отын-энергетикалық кешеннің жай-күйі туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Есепті кезеңдегі мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн. тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2% құрады.

 

Қарашығанақта шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын іске қосу жұмыстары жалғастырылуда. Бұл мұнай өндірісін 10-11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірісін арттыру шаралары туралы келіссөздер жүргізілуде.

 

3 айдың қорытындысы бойынша – мұнай экспорттау 15,3  млн. тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 78,5% орындалды.

2026 жылға болжам – 76 млн. тонна.

 

Есепті кезеңде 13,6 млрд. текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84,9%.

2026 жылға болжам – 62,7 млрд. текше метр.

 

Тауарлық газ өндірісінің көлемі 6,1 млрд. текше метр немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 83,6% болды.

 

2026 жылғы болжам – 27,3 млрд. текше метр.

Тауарлық газды ішкі нарықта тұтыну көлемі 8,8  млрд. текше метр немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 108,6%  болды.

2026 жылға болжам – 22,6 млрд. текше метр.

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 0,72 млн. тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,3%.

2026 жылға болжам  – 3,1 млн. тонна.

Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік 2035 жылға дейін елдің жаңа перспективалы көмірсутек кен орындарын игеру жоспарын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп іске асыруда. Аталған жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін Қашағанда қуаты 1 млрд. текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,67  млн. тоннаны құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,9% құрады.

 

2026 жылға болжам – 15,49 млн. тонна.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша қуаты 10 млн тоннаны құрайтын жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын жеделдету шаралары қабылдануда.

Павлодар мұнай өңдеу зауытын 5,5 млн. тоннадан 9 млн. тоннаға дейін, Шымкент мұнай өңдеу зауытын 6 млн. тоннадан 12  млн. тоннаға дейін, Атырау мұнай өңдеу зауытын 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 134 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,1% болды.

Министрлік ағымдағы жылы полипропилен өндірісінің көлемін 450 мың тоннаға дейін арттыру жұмыстарын «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы және КРІ зауытымен бірлесіп жүргізуде.

2026 жылға болжамы – 580 мың тонна.

 

Мұнай-газ саласы көрсеткіштерінің төмендеуі Каспий құбыр консорциумы мен Теңіздегі жағдайлармен байланысты.

 

Есепті кезеңде 33,7 киловатт-сағат электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6%.

Осы жылдың болжамы – 126,5 млрд. киловатт-сағат.

2026 жылы электр энергиясы тапшылығын азайту үшін шамамен 2,4 гигаватт электр қуатын енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

  1. Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы – 1 000 мегаватт;
  2. Алматы қаласындағы екінші жылу электр орталығы алаңындағы бу-газ қондырғысы – 557 мегаватт;
  3. Алматы қаласындағы үшінші жылу электр орталығы алаңындағы бу-газ қондырғысы – 544 мегаватт;
  4. Қызылорда облысындағы бу-газ қондырғысы – 240 мегаватт;
  5. «Атырау жылу электр орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаттылығы – 59,6 мегаватт болатын он бірінші турбиналық агрегатын және он бесінші қазандықты енгізу;
  6. «Текелі энергокешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаттылығы – 17 мегаватт болатын үш қазан-пайдалану қазандығын және генератормен бу турбинасын енгізу.

 

Жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд. киловатт-сағат немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115% құрады.

2026 жылғы болжам – 8,8 млрд. киловатт-сағат.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы қуаты шамамен 245  мегаватты құрайтын жел энергетикасының 4 нысанын, күн энергетикасының 5  нысанын және су энергетикасының 1 нысанын іске қосу жоспарлануда.