Энергетика вице-министрі Ә.Ж. Жамауовтың Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесуіне арналған тезистері 19.07.2023 ж.
Қайырлы күн, құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Алдымен, осы аймақтың отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы қысқаша мәлімет бере кетуге рұқсат етіңіздер.
Осыдан кейін Мен Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайын боламын.
Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланғанын атап өткім келеді.
Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды іске асыру және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.
1-слайд. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Өздеріңіз білетіндей, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
2023 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 1,0 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірде тұтыну 1,9 млрд. кВтсағ құрайды.
Облыстың электр және жылу энергиясына қажеттілігін «KazakhmysEnergy» ЖШС Жезқазған ЖЭО қамтамасыз етеді, оның белгіленген электр қуаты 252 МВт, жылу қуаты – 564 Гкал/сағ.
Станцияның негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 70 %-ды құрайды.
«KazakhmysEnergy» ЖШС Жезқазған ЖЭО электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифін Энергетика министрлігі 16,37 теңге/кВтсағ деңгейінде бекітті, сату бағасы 18,34 теңге/кВтсағ құрайды.
Электр энергиясының жетіспеушілігі жақын маңдағы Қарағанды облысының энергия көздерімен жабылады.
Электр энергиясын тасымалдау мен таратуды 4 энергетикалық кәсіпорын жүзеге асырады: «Жезқазған электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС, «Энерготранзит компани» ЖШС, «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» КМК.
Жалпы өңірде шамамен 10 566 км кабельдік және әуе электр беру желілері, сондай-ақ 535 кіші станция бар. Электр желісінің физикалық тозуы мынадай тәртіппен берілген:
- «Жезқазған электр желісін тарату компаниясы» АҚ – 59,67%;
- «Казахмыс Дистрибьюшн» ЖШС – 87%;
- Ұлытау ауданы әкімінің жанындағы «Ұлытау аудандық көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» КМК – 50%;
- «Энерготранзит Компани» ЖШС – 90%.
Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларына, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарына, Жәйрем кентіне қызмет көрсететін «Қазэнергоцентр» ЖШС облыс халқы үшін электр энергиясының кепілді жеткізушісі болып табылады.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды, ол облыста қуаты кемінде 70 МВт бу-газ қондырғысын салу жөніндегі жобаны іске асырады. Жаңа энергия көзінің аяқталу мерзімі – 2026 жыл.
2-слайд. ЭНЕРГЕТИКАДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР
Министрлік елдегі жылумен жабдықтау жағдайын жақсарту үшін келесі жүйелі шараларды қабылдауда.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Дүниежүзілік Банктің гранттық көмегі аясында еліміздің электр станцияларының техникалық аудиті бойынша жұмыс жүргізілді.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша техникалық ұсынымдарды, қаржыландыру көлемі мен көздерін, сондай-ақ электр энергетикасы объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін талап етілетін жұмыс түрлерін көрсете отырып, жөндеу кампанияларының жеке жол карталары əзірленетін болады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта электр желілерінің тозуын 15% - ға төмендету міндеті тұр.
Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялау мен жаңғыртуға инвестициялар тартуды ынталандыруға бағытталған «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама бойынша салаға инвестициялар көлемі жыл сайын шамамен 400 млрд теңгеге бағаланады.
Ағымдағы жылы «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады. Заң өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге бағытталған, ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға жəне орталық жəне жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондай – ақ, Заңның негізгі аспектісі жаңа құралды-аумақтарды дамыту, тұрғын үй құрылысы, халық санының серпіні, өнеркəсіпті дамыту жоспарлары мен бағдарламаларымен жəне басқа да факторлармен өзара байланысты жылу энергетикасын жоспарлы үдемелі дамытуды қамтамасыз етуге арналған жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізу болып табылады.
Мастер-жоспарлар елді мекендердің техникалық бөлігі бойынша дамуын ескере отырып, жылу желілерінің дамуын жəне жылу көздерінің талап етілетін жылу қуаттарын ғана емес, сондай-ақ осы мəселенің экономикалық жағын да ескеретін болады, сондай-ақ жылу көздерінің де, жылу желілерінің де ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын болады.
Атомдық жəне энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің сапалы жөндеу науқандарын қамтамасыз етуді жəне инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласындағы рөлін күшейту жоспарлануда.
Энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің туындау тəуекелдерін жəне жаңадан енгізілетін жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің əсерін болдырмау үшін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды жəне нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін электр энергиясы нарығының жаңа нысаналы моделіне көшу жөніндегі нормалар пысықталды.
3-слайд. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ
Ұлытау облысында жалпы қуаты 10 МВт болатын
Сондай-ақ, жалпы қуаты 105 МВт болатын 2 жаңартылатын энергия көздері объектісін іске қосу жоспарлануда.
4-слайд. ГАЗДАНДЫРУ
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысының газдандыру деңгейі 2,7%-ды құрайды немесе 5950 (221 395-тен) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Жезқазған қаласын газдандыру жобасы жалпы құны 12,9 млрд.теңгені құрайтын 3 кезектен (7 іске қосу кешені) тұрады.
Бүгінгі күні 2 іске қосу кешенінен тұратын 1-кезек аяқталды, сондай-ақ 2-кезекті іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның 1 іске қосу кешені аяқталды, 2-ншісі іске асыру сатысында (2024 ж.аяқталуы).
Бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан 2023 жылы Ұлытау облысы үшін 2 жобаны (1 жалғасып жатқан жоба және 1 жаңа жоба) іске асыруға 3 млрд.теңге көзделген.
2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде Ұлытау облысының әкімдігі 9,2 млрд. теңге сомасына 2 жобаны (1 жаңа, 1 ауыспалы) іске асыруды жалғастыруға бюджеттік өтінім берді.
Осы Бюджеттік өтінімді қарау ҚР бюджет заңнамасына және ресурстық базаның болуына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
5-слайд. ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдер тізіміне кіреді. Дизель бағасының көтерілуіне дейін елдегі баға 230-260 теңге аралығында өзгерді.
Бұл ретте Ресейде дизель отынының құны 1 литріне орташа есеппен 345 теңгені құрады, бұл 45%-ға қымбат. Қырғызстанда баға 64%-ға жоғары және 390 т/л құрады, Өзбекстанда дизель отыны екі есе қымбат – 480 т/л (101%).
Төмен бағалардың салдарынан көрші елдермен салыстырғанда мұнай өнімдерінің бақылаусыз экспорты байқалды.
Мұндай жағдайда қазақстандық дизель басқа елдерге одан да үлкен көлемде «шығып кетті». Биылғы жылы біз 850 мың тоннаға дейінгі көлемде тапшылыққа тап болуымыз мүмкін.
АИ-92, АИ-93 маркалы бензинге қатысты да осындай жағдай қалыптасып отыр.
Егер бұрын тапшылық өндіріс көлемін ұлғайту есебінен ішінара жабылса, қазір біздің МӨЗ-дер өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді.
Осылайша, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, өзінің арзан отынымен басқа елдердің экономикаларын іс жүзінде субсидиялады.
Бұл ретте біз қол қусырып қарап отырғанымыз жоқ және ЖЖМ нарығын үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдағанымызды атап өтемін. Нақты айтсам:
- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды;
- ресурс ұстаушыларды ЖЖМ станцияларына тікелей сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;
- мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды алып тастау бойынша заңнамалық нормалар қабылданды;
- резиденттікке және жанармай құю көлеміне байланысты сараланған бағалар енгізілді.
Алайда, бұл шаралардың барлығы тиісті нәтиже бермеді және ЖЖМ ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет болды.
Осыған байланысты, Министрлік Аи-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын 205 теңгеге дейін және дизель отыны бағасын литріне 295 теңгеге дейін көтеру жөнінде бұйрық қабылдады.
Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өндіру көлемін 2027 жылдың соңына дейін ұлғайту үшін Атырау МӨЗ-інде мұнай өңдеу көлемін жылына 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұдан басқа, Шымкент МӨЗ-інің жұмыс істеп тұрған қуатын 2029 жылға қарай 12 млн.тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда.
6-слайд. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫ
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету де Министрліктің басым міндеті болып табылады.
Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн. тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіріс 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.
Көрші елдермен салыстырғанда ҚР-да Сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Ұлытау облысы үшін баға 1 литріне 76-81 теңгені құрайды.
Өңірде 1 газ толтыру станциясы (көтерме) және 18 автомобильге газ құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,7 мың тоннаны, 2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде – 0,8 мың тоннаны құрады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік бағалық реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Осымен баяндамамды аяқтай отырып, айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендіргім келеді.
Біз оларды толық және уақтылы шешу үшін бар күшімізді саламыз. Әрі қарай, Сіздерді толғандыратын проблемалық мәселелерге көшуді ұсынамын.
Мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.