ҚР Энергетика министрі А. М. Сәтқалиевтің Шығыс Қазақстан облысының халқы алдындағы есепті кездесуге арналған тезистері (2023 ж. 14.07, сағат 10-40.)

Қайырлы күн, құрметті Шығыс Қазақстан

облысының тұрғындары!

 

Алдымен, осы аймақтың отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы қысқаша мәлімет беруге рұқсат етіңіздер.

Осыдан кейін Мен Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беремін.

Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланғанын атап өткім келеді.

Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды іске асыру және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.

1-слайд. ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Өңірдегі ең негізгі және өзекті мәселелердің бірі – электр энергетикасы саласы.

Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясының ең ірі көздері «КАЗЦИНК» ЖШС, Өскемен ГЭС және Өскемен ЖЭО болып табылады.

Ағымдағы жылдың 11 шілдесіндегі жағдай бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 3,3 млрд.кВтсағ, облыстың ішкі тұтыну көлемі 3,9 млрд. кВтсағ құрады.

Өңірде 3 энергия беруші ұйымы бар: «Біріккен энергосервистік Компания» АҚ-ның «КАЗЦИНК -Энерго» ЖШС, «Магистральдық желінің Семей бөлімшесі». Олардың желілерінің жалпы ұзындығы 21 мың км-ден асатын.

Өңірдегі энергиямен жабдықтаушы ұйым «Шығысэнерготрейд» ЖШС болып табылады, халық үшін белгіленген тарифтер-13,948 тг/кВтсағ, заңды тұлғалар үшін – 23,554 тг/кВтсағ, бюджеттік ұйымдар үшін - 42,158 тг/кВтсағ.

2-слайд. 3 ЖЭО және 4 ГЭС дайындығы

Бүгінгі таңда ЖЭО дайындығы 32%-ға құрайды.

Гидроэлектростанцияларда жөндеу жұмыстары 64%-ға орындалды.

165 км электр желілерін немесе жоспардың 30%-ға күрделі жөндеу аяқталды.

Жылу желілерін техникалық тексеру Өскемен, Риддер және Шемонаиха қалалары бойынша аяқталды.

3-слайд. «РИДДЕР ЖЭО» АҚ

Қаржы министрлігімен және облыстық әкімдікпен бірлесіп біз Үкімет резервінен қаражат бөлу тетігін пысықтадық.

Бұл ретте, Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына 8 мердігер ұйым тартылды.

Жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптамалар алынды. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгені құрайды.

Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарлануда.

4-слайд. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында жалпы қуаты 66,7 МВт болатын 5 ЖЭК объектісі бар.

2025 жылға дейін «Еуропа Солар» ЖШС қуаты 1,2 МВт болатын 1 объектіні салуды жоспарлап отыр.

5-слайд. КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ЖЕТКІЗУ

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу мәселесін айналып өтуге болмайды.

Көктемгі-дала жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағамен 419 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, жеткізуді ескере отырып, бағасы 204 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 30 пайызға төмен.

Шығыс Қазақстан облысы үшін 20 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Берілген өтінімдерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына дизель отынын тиеп жөнелту көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде бекітілген жоспардан 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.

Сонымен қатар, өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп егін жинау науқанына дизель отынын бөлу көлемі бекітілді, ол 8,5 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бөлігінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен жанармай құю станциялары мекенжайына дизель отынын жеткізуді қадағалау үшін жекелеген ПИН-кодтар енгізілді.

Сонымен қатар, мынадай шаралар пысықталуда:

- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы ауданын, жанар-жағармай қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

- ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларында немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін, отынды бөлу үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу.

6-слайд. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫ

Келесі сала, сұйытылған мұнай газы нарығы.

Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мемлекеттік реттеуді белгілеп, сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасын бекітті.

Осы бұйрыққа сәйкес Шығыс Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 70-75 теңгені құрайды.

Бұл ретте, 1 шілдеден бастап бағалар 1 литріне 76 теңгеге дейін, ал шалғай аудандар үшін 81 теңгеге дейін көтерілді.

Өңірде шамамен 3 газ толтыру станциясы және 84 автомобильдік газ құю станциясы бар.

Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 40 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында шамамен 13 мың тонна тұтынылды.

Біз ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша шаралар қабылдап жатқанымызды атап өткім келеді.

Бұл шаралар сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын белгілеу арқылы бөлшек бағаның күрт өсуін болдырмауына мүмкіндік береді.

7-СЛАЙД. ГАЗДАНДЫРУ

Үкіметтің басым жұмыстарының бірі-елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру.

Облысты газдандыру деңгейі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 3,1 пайызды құрайды немесе 22 883 (730 172-ден) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Баяндамамды аяқтап, айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендіргім келеді.

Біз оларды толық және уақтылы шешуге бар күшімізді саламыз.

Әрі қарай, Сіздерді қызықтыратын сұрақтарға көшуді ұсынамын.

Мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.