Түркістан облысы тұрғындарының алдында Вице-министрдің есепті кездесуіне арналған тезистер (02.06.2023 ж., 14-00 сағ.)

Қайырлы күн,

құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

 

Алдымен, осы өңірдің отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы қысқаша баяндаймын, осыдан кейін  сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайын боламын.

Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланғанын атап өткім келеді. 

Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды іске асыру және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.

1-слайд. ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР

Қазақстан жанар-жағармай бағасы ең төмен елдер тізіміне кіреді. Дизель бағасының көтерілуіне дейін елдегі баға 230-260 теңге аралығында өзгерді.

Сонымен қатар, Ресейде дизель отынының құны литріне орташа есеппен 345 теңгені құрады, бұл 45% - ға қымбат.

Қырғызстанда баға 64%-ға жоғары және литріне 390 теңгені құрады, Өзбекстанда дизель отыны екі есе қымбат – литріне 480 теңге (101%).

Төмен бағалардың салдарынан көрші елдермен салыстырғанда мұнай өнімдерінің бақылаусыз шығарылуы байқалды.

Мұндай жағдайда қазақстандық дизель басқа елдерге одан да үлкен көлемде «шығып кетті». Биылғы жылы біз 850 мың тоннаға дейінгі көлемде тапшылыққа тап болуымыз мүмкін.

Осындай жағдай АИ-92, АИ-93 маркалы бензинге қалыптасады. Егер бұрын тапшылық өндіріс көлемін ұлғайту есебінен ішінара жабылса, қазір біздің МӨЗ өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді.

Осылайша, Қазақстан өзінің арзан отынымен басқа елдердің экономикасын өзінің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, іс жүзінде субсидиялады.

Бұл жерде біз жай отырмағанымызды және жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығын үздіксіз қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдағанымызды атап өткен жөн:

- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды;

- ресурс ұстаушыларды жанармай құю станцияларына тікелей сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды;

- мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды алып тастау бойынша заңнамалық нормалар қабылданды;

- резиденттікке және жанармай құю көлеміне байланысты сараланған бағалар енгізілді.

Алайда, бұл шаралардың барлығы тиісті нәтиже бермеді және ЖЖМ ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету қажет болды.

Осыған байланысты, Министрлік Аи-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасын 205 теңгеге дейін және дизель отынын литріне 295 теңгеге дейін ұлғайту жөнінде бұйрық қабылдады.

Жанар-жағармай материалдарының бағасының өсуі бүгінде өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өндіру көлемін 2027 жылдың соңына дейін ұлғайту үшін МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін жылына 5,5 млн. тоннадан 6,7 млн. тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, Шымкент МӨЗ-нің жұмыс істеп тұрған қуатын 2029 жылға қарай 12 млн.тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда.

2-слайд. КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ЖЕТКІЗУ

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын жеткізу мәселесін айналып өтуге болмайды.

Бүгінгі таңда күзгі-дала жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағамен 419 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, жеткізуді ескере отырып, бағасы 204 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 30% - ға төмен.

Берілген өтінімдерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына дизель отынын тиеп жөнелту басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Наурыз-мамыр айларында 43,8 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін (АШТӨ) дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бөлігінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мен жанармай құю станциясы мекенжайына дизель отынын жеткізуді қадағалау үшін жекелеген ПИН-кодтар енгізілді.

Сонымен қатар, мынадай шаралар пысықталуда:

- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы ауданын, жанар-жағармай қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

- ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларында немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік беретін отынды бөлу үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу.

3-слайд. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫ

Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету Министрліктің басым міндеті болып табылады.

2022 жылы елімізде сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі 1,8 млн. тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну көлемі 400 мың тоннаға өсті.

Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіріс көлемі 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.

Бұл ретте сұйытылған мұнай газға бөлшек сауда бағасы ҚР-да бір литрге өңірге байланысты 50-ден бастап 70 теңгеге дейін өзгереді.

Көрші елдермен салыстырғанда ҚР-да сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Түркістан облысы үшін 1 литрдің бағасы 60-65 теңгені құрайды.

Өңірде 7 газ толтыру станциясы (көтерме) және 328 автомобильге газ құю станциясы бар.

Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 66 мың тоннаны, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 78 мың тоннаны құрады.

4-слайд. ГАЗДАНДЫРУ

Түркістан облысы бүгінгі таңда 73,1% газдандырылды немесе шамамен 1,5 млн.адам газға қол жеткізді.

Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша әкімдікке 2022 жылы газ инфрақұрылымының 49 жобасын іске асыруға 20,4 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2023 жылы 22 жобаны іске асыруға 6,9 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылы барлығы 18 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 14 елді мекенді немесе шамамен 68 мың адамды газға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Газбен жабдықтау объектілерін беру және қосу

Тек Үкіметті ғана емес, Түркістан облысының халқын да толғандыратын газдандырудың проблемалық мәселесіне тоқталғым келеді.

Түркістан облысының 298 объектісі пайдаланушы ұйымдарға теңгерімге берілмеді.

Бұл объектілердің берілмеуінің негізгі себептері объектілер бойынша құжаттаманың жинақталмауы, сондай-ақ құрылыс барысында жіберілген техникалық бұзушылықтардың болуы болып табылады.

Нәтижесінде, газ құбырлары ұзақ уақыт бойы жергілікті атқарушы органдардың теңгерімінде болады, бұл кейіннен тиісті бақылаудың болмауына байланысты елдегі тұтынушылардың қауіпсіз және үздіксіз газбен жабдықтау тәуекелдеріне әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қаржымині ММЖК-нің 274 объект бойынша одан әрі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға беру үшін бағалау жүргізілуде, қалған 24 объект бойынша ЖАО мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдануда.

5-слайд. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

Келесі блок-Электр энергетикасы.

Облыста энергияның негізгі көздері Кентау ЖЭО және Шардара ГЭС болып табылады.

Шардара ГЭС-тің белгіленген электр қуаты - 126 МВт, Кентау ЖЭО – 12,5 МВт құрайды.

Бұл ретте Шардара ГЭС негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 5%–ды құрайды, ал Кентау ЖЭО-да бұл көрсеткіш - 87% -ды құрайды.

Станциялар үшін баға белгілеуге қатысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі олар үшін электр энергиясын өндіруге тарифтерді келесі деңгейде бекітті:

- Шардара станциясы үшін - 9,82 теңге/кВтсағ, сату бағасы 11,4 теңге/кВтсағ (ЖЭК үстемесін ескере отырып);

- Кентау станциясы үшін-7,07 теңге/кВтсағ, сату бағасы 8,65 теңге/кВтсағ (ЖЭК үстемесін ескере отырып).

- Шымкент станциясы үшін - 12,34 теңге/кВтсағ, сату бағасы 13,92 теңге/кВтсағ (ЖЭК үстемесін ескере отырып).

Сонымен қатар, облыстағы өңірлік электржелілік компания өз активтерінде 24 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС» АҚ болып табылады. Халық үшін электр энергиясының кепілді жеткізушісі «Энергопоток» ЖШС болып табылады.

6-слайд. ГЕНЕРАЦИЯЛАУДЫҢ МАНЕВРЛІК РЕЖИМІМЕН ГЕНЕРАЦИЯЛАЙТЫН ҚОНДЫРҒЫ САЛУ

Электр энергиясының тапшылығына және жыл сайын қажеттіліктің өсуіне байланысты. Үкімет Түркістан облысында қуаты 926,5 МВт бу-газ қондырғысын салу жөніндегі шараларды пысықтауда.

Жоспарланған электр энергиясын өндіру 5 млрд. кВт/сағ құрайды.

Жобаның аяқталуының болжамды уақыты 2025 жыл.

7-слайд. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Сонымен қатар, Түркістан облысында жалпы қуаты 228 МВт болатын 20 жаңартылатын энергия көздері объектісі бар, оның ішінде:

- Қуаты 15 МВт 7 су электр станциясы;

- Қуаты 213 МВт болатын 13 күн электр станциясы.

2025 жылға дейін қуаты 102,7 МВт болатын 9 объект құрылысы жоспарлануда.

Аталған жобалардың инвестиция сомасы шамамен 47 млрд. теңгені құрайды.

8-слайд. ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК ШАРАЛАР

Министрлік елдегі жылумен жабдықтау жағдайын жақсарту үшін келесі жүйелі шараларды қабылдауда.

Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға инвестициялар бағытталатын болады, «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама бойынша салаға инвестициялар көлемі жыл сайын шамамен 400 млрд. теңгеге бағаланады.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің сапалы жөндеу науқандарын қамтамасыз етуді және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласындағы рөлін күшейту жоспарлануда.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Дүниежүзілік Банктің гранттық көмегі аясында еліміздің электр станциялары мен желілеріне техникалық аудит жүргізу бойынша жұмысты бастады. Аталған жұмысты 2 кезеңде жүзеге асыру көзделеді:

1-ші кезеңде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық жылу электр орталықтарында аудиті аяқталды.

2-ші кезеңде Электржелілік ұйымдарға аудит жүргізу (а.ж. соңына дейін аяқтау) жоспарланған.

Техникалық аудитті жүргізу қорытындылары бойынша саланың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізілетін болады, оның негізінде энергия үнемдеуге және энергия тиімділігіне, сондай-ақ қажетті инвестициялар көлеміне бағытталған жаңғырту мен реконструкциялауды жүргізу үшін қажетті техникалық ұсынымдар дайындалатын болады. Бұл ретте аймақтық электр компаниясы жабдықтарын жаңғыртуға арналған шығындар нақтыланатын болады.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Бұл баяндамамды аяқтап, айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендіргім келеді.

Біз оларды толық және уақтылы шешуге бар күшімізді саламыз.

Әрі қарай, Сізді қызықтыратын сұрақтарға көшуді ұсынамын.

Мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.