«Жылу энергетикасы туралы» Заң жобасының және оған ілеспе заң жобалары бойынша баяндама
Құрметті депутаттар!
«Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасын және заңнаманы жаңа заңға сәйкестендіру мақсатында әзірленген оған ілеспе екі заң жобасын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын таныстыруға рұқсат етіңіз.
СЛАЙД 2 - Жылу энергетикасы
«Жылу энергетикасы туралы» жаңа заң жобасы Азия даму банкі халықаралық сарапшыларды тарта отырып техникалық қолдауымен әзірленді.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң жоқ, сол заңның болмауынан туындаған, осы салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының болмауы, саланың инвестициялық тартымдылығының (қызығушылықтың) болмауы, кәсіпорындардың тиімділігінің болмауы және т.б. сияқты көптеген проблемалардың туындауына әкелді.
Осы мәселелерді реттеу мақсатында Министрлік Азия даму банкі тартқан халықаралық сарапшылардың техникалық қолдауымен осы заң жобасын әзірледі.
СЛАЙД 3
Мәселен, заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы саясат үшін құзыреттер мен жауапкершілікті қайта бөлуді көздейді.
Энергетика министрлігіне қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асыратын жылу энергиясын тасымалдау функциясы бекітілетін болады. Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жататын жылу энергиясын елді мекендердің тұтыну бөлігінде жылумен жабдықтау жүйелеріне жауапты болады.
Сонымен қатар, заң жобасында жылу желілеріндегі бақылау функциялары (жалпы пайдаланымдағы орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде) нормалары ЖАО-дан Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне ауысуына көзделген.
Заңның негізгі аспектісі жаңа құралды – жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізу болып табылады. Мастер-жоспар аумақтарды дамыту, тұрғын үй құрылысы, халық санының серпіні, өнеркәсіпті дамыту жоспарлары мен бағдарламаларымен және басқа да факторлармен өзара байланысты жылу энергетикасының жоспарлы үдемелі дамуын қамтамасыз етуге арналған. Айта кету керек, мастер-жоспарлар елді мекендердің техникалық бөлігі бойынша дамуын ескере отырып, жылу желілерінің дамуын және жылу көздерінің қажетті жылу қуатын ғана емес, сонымен қатар осы мәселенің экономикалық жағын да ескеретін болады.
Жылу энергетикасын дамытудың Мастер-жоспарлары ЖАО (жергілікті атқарушы органға) деңгейінде әзірленетін және бекітілетін болады.
Осы тетікті сынақтан өткізу шеңберінде АДБ (Азиялық даму банкі) тартқан халықаралық сарапшылар бүгінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Матер-жоспарын әзірлеу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.
СЛАЙД 4
Бұдан басқа, дамуды жоспарлау тетіктерін жетілдіру, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде (өндіріс, беру, тұтыну) энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру, қолданыстағы құқықтық олқылықтарды жабу үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету және Жылу энергетикасы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту есебінен саланы реформалауды жүзеге асыру жоспарлануда.
Барлық саланы мониторингілеу және бақылау жөніндегі нормалар көзделген, бұл одан әрі дамыту үшін қажетті шараларды әзірлеу мақсатында сала туралы толық ақпаратты жинау мен саланы талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану жөніндегі барлық қажетті техникалық нормалар мен стандарттарды, тұтыну нормаларын, жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын отынның сапасын коммерциялық есепке алу қағидаларын әзірлеу қамтамасыз етіледі.
СЛАЙД 5
Заң жобасының бастапқы нұсқасында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық негізделген шығындарын ескеретін тарифтік әдістемені бекіту функцияларын Энергетика министрлігінің өкілеттіктеріне беру арқылы саланың жай-күйін жақсарту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін жылу энергетикасы саласындағы тариф белгілеу саясатын қайта қарау көзделгенін атап өту қажет.
Алайда, келісу барысында бұл нормаларды табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган қолдамады.
Бұл ретте, бұл жоба тарифтік реттеудің нақты және толық қағидаттарын және жылу энергиясына реттелетін тарифтер сәйкес келуі тиіс өлшемшарттарды, атап айтқанда тарифтік әдістемені жетілдіру, экономикалық негізделген тарифті қамтамасыз ету, инвестициялар тарту мүмкіндігін белгілейді.
Жылу энергиясына тарифтерді экономикалық негізделген деңгейге келтіру және халық арасында әлеуметтік шиеленісті туғызбау мақсатында жылумен жабдықтау субъектілерін емес, осал тұтынушыларды тікелей бюджеттік қолдауды жүзеге асыру тетігі көзделген.
Бұл механизм инвестицияларды тарту үшін, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
СЛАЙД 6
Бұдан басқа, заң жобасы энергия тиімділігін арттыру, ЖЭК-ті (Жаңартылатын энергия көздерін) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне (жылу сорғылары, биоотындағы қазандықтар, артық жылу) енгізудің экономикалық және техникалық орындылығы жағдайында дамытуға ынталандыру, саланы, оның ішінде пайдаланылатын отын бөлігінде мониторинг құралдарын енгізу бөлігінде нормаларды көздейді.
СЛАЙД 7-қадағалау және бақылау мәселелері бойынша
Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес субъектілерді тексеру Нормативтік құқықтық актілердің талаптары көрсетілетін тексеру парақтары негізінде жүргізіледі.
Алайда, тексеру парақтарын қолдана отырып, Мемлекеттік энергетикалық бақылауды сапалы жүргізу Нормативтік құқықтық актілерге жатпайтын дайындаушы зауыттардың паспорттарында баяндалған энергия жабдықтарын пайдалану жөніндегі талаптарды тексеру парақтарына енгізудің құқықтық негізінің болмауына байланысты мүмкін емес.
Бұл талаптар энергия кәсіпорындары мен тұтынушылардың тиісті техникалық жай-күйін ұстап тұру, энергия жабдықтарын пайдалану шарттары мен жұмыс режимдерін сақтау үшін міндетті болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функцияларын күшейту бойынша түзетулер дайындады, олар бойынша Мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтудің реттеушілік әсеріне (РӘТ) талдау жүргізілді.
Алайда, келісу барысында жоғарыда көрсетілген нормалар кәсіпкерлікті дамыту саласындағы уәкілетті органның тарапынан қолдау таппады.
РӘТ (реттеушілік әсерді талдау) қорытындылары бойынша келісілген реттеуші құрал Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған пәрменді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Заң жобасы шеңберіндегі жалғыз өзгеріс-тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде және тиісті нәтиже бермейтін тексеру парақтарын қолдана отырып, жарты жылда 1 реттен көп емес жүргізілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен мерзімді профилактикалық бақылау болып табылады.
Сондай ақ жылумен жабдықтау бөлігінде жылыту маусымына дайындық паспортын алу мерзімін бұзғаны үшін айыппұлдарды ұлғайту және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жаңа нормалар енгізілді:
- ЖЭО мен қазандықтардың отын қорларының нормативтерін сақтамауы;
- жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу
Заң жобасы аясындағы ағымдағы түзетулер елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға ешқандай әсер етпейді және атом және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің бақылау функциялары күшейтілмейді.