Энергетика министрінің м.а. Б.О.Ақшолақовтың Үкіметтегі баяндамасы 2023 жылғы 4 сәуір, 10:00 сағ.
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті сессиясының ашылуы барысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Слайд 1. Ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету
Экономиканың өсуін ескере отырып, табиғи газды ішкі тұтыну айтарлықтай, атап айтқанда 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд. текше метрден астамға өсті.
Ел экономикасын газбен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік ҚазақГаз және ҚазМұнайГазмен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда:
Біріншіден, газ өндіруді ынталандыру бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданды.
Екіншіден, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу бойынша жаңа зауыттарды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Нәтижесінде, ағымдағы жылдан бастан тауарлық газ өндірісінің ұлғаюы 2025 жылы айтарлықтай өседі деп күтілуде.
Үшіншіден, қол қойылған Жол картасы шеңберінде Газпроммен газ импорты бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар бүкіл әлемде энергия үнемдеу мәселесі негізгі күн тәртібі болып табылады, суық ауа райының басталуы көршілес Өзбекстан мен Түрікменстанда газ проблемаларын тудырды.
Тұтынушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, халық үшін газ бағасын ұстап тұру қажет. Алайда газдың төмен бағасын табысы жоғары тұтынушылар да пайдалануды жалғастыруда.
Мысалы, 2 есеге жуық температура айырмашылығымен Маңғыстау және Қостанай облыстарының тұтыну көлемі айына орта есеппен 600 текше метр газды құрайды.
Осыдан қорытынды жасауға болады: газдың төмен бағасын сақтау газды ұтымсыз пайдалануға әкеледі.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығының сонына дейін:
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленетін болады;
- сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізілетін болады.
Слайд 2. Электр энергетикасы нарығын дамыту
Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарлануда.
Нарықтың жаңа моделі электр энергиясына орта мерзімді қажеттілікті жабу мақсатында генерацияны енгізу бойынша қажетті жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда, олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді.
Қызылорда қаласында және Түркістан облысында жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттардың құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ Көкшетау және Семей қалаларында жаңа Жылу электр орталығын салу бойынша жобалар пысықталуда.
Екібастұз ГРЭС-2 №3-4 блоктарын салу, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру жүргізілуде.
Бұдан басқа Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында «Жылу энергетикасы туралы» Заң жобасы тұр, ол келесі шараларды көздейді:
- жылумен жабдықтау саласындағы реттеу және бақылау жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін нақты бөлу;
- жылу энергиясын тұтынушылардың, жылу өндіруші және жылу өндіруші ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін реттеу;
- жаңа құрал – жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізу;
- энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру шаралары.
Слайд 3. Мұнай-газ-химияны дамыту
Елішілік құндылықты дамытуға қатысты.
Көмірсутектер саласында қосылған құны жоғары өнім шығарумен мұнай-газ-химия саласын дамыту міндеті тұр.
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін әлемдік ауқымдағы ең ірі мұнай-химия зауытының бірі іске қосылды.
Бұдан басқа бүгінгі таңда салада жалпы инвестиция сомасы 8,6 млрд АҚШ долларын құрайтын қуаттылығы 1,2 млн.тонна полиэтилен мен 319 мың тонна бутадиен өндіру бойынша 2 ірі жоба іске асырылуда.
Халықаралық тәжірибеде мұнай-химия өндірістерінің жанында базалық мұнай-химия өнімдерін пайдалану негізінде кең сұранысқа ие тауарлар шығару бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындары белсенді дамып келе жатқанын атап өткім келеді.
Әрбір кейінгі қайта өңдеп жасаған сайын мұнай-газ-химия мультипликативті әсер береді. Төртінші өңдеп жасағаннан кейін соңғы өнімнің құны шамамен 10 есеге дейін өседі.
Алайда бутадиен мен полиэтиленнің ірі жобаларын іске асыру бойынша инвесторлардың шарттарының бірі дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты, Әлихан Асханұлы, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне Атырау облысында орналасқан «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының қажетті инфрақұрылымын салуға қаржыландыруды көздеуді, сондай-ақ бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, газ бөлу қондырғысын қаржыландыруды тапсыруыңызды сұраймын.
Құрметті Әлихан Асханұлы, Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет.