Вице-министр Ә. М. Мағауовтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен есептік кездесуіне арналған тезистер
Қайырлы күн,
құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!
Алдымен, осы аймақтың отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы қысқаша мәлімет беруге рұқсат етіңіздер.
Осыдан кейін мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайын боламын.
Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланғанын атап өткім келеді.
Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.
1-слайд. МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ
Ақтөбе облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 4-ші мұнай өндіруші өңір болып табылады, оның үлесіне ел бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің шамамен 6%-ы тиесілі. 2022 жылы мұнай өндіру 5,1 млн. тоннаны құрады.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында игеріліп жатқан кен орындарының басым бөлігі игерудің кеш сатыларында тұр, бұл кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуін байқалады.
Жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында Энергетика министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы қолдау шараларының топтамасын ұсыну мәселесін пысықтауда.
2-слайд. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ
Жалпы, бүгінгі таңда алынатын мұнай қоры шамамен 190,8 млн. тоннаны құрайтынын ақпарат үшін атап өткім келеді.
Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары шамамен 153,6 млрд. текше метрді құрайды.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және күрделі жобаларды игеруде қосымша инвестициялар тартуға жағдай жасау үшін 2023 жылғы 10 қаңтарда заң күшіне енді. Заңмен күрделі мұнай-газ жобалары үшін реттеушілік және фискалдық преференцияларды қарастыратын, жаңа тетік – жақсартылған модельдік келісімшарт енгізу көзделеді.
Сонымен қатар, Министрлік жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруға, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестициялауға мүмкіндік беретін газ сатып алудың жаңа формуласын әзірледі.
2022 жылы Ақтөбе облысында орналасқан 19 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өтті: 8 жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасалды, 4 жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу күтілуде.
Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялар – 38,5 млн. АҚШ долларын құрайды.
Бүгінгі таңда Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында Ақтөбе облысындағы көмірсутектерді табуға песпективалы 14 учаске тұр. Аталған жер қойнауы учаскелері бойынша инвесторлар тарапынан қызығушылық болған жағдайда, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық беруге аукцион өткізілетін болады.
3-слайд. ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ
Халықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Министрлік стационарлық автожанармай құю станцияларында АИ-80, 92-93 бензиндерін, жазғы және маусымаралық дизель отынын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын реттеуді белгіледі.
Қазақстан Республикасында дизель отыны, АИ-92, АИ-95 литрінің бөлшек сауда бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір төмен екенін атап өткім келеді.
Бұл фактор отандық мұнай өнімдерінің сыртқа әкетілуіне әсер етуде, бұл ішкі нарықта тапшылық тудырады.
Отандық мұнай өнімдерін әкетуді болдырмау мақсатында Министрлік мынадай шаралар қабылдады:
- дизель отынының бағасын саралау белгіленді;
- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу ұзартылды.
Бұдан басқа, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды болдырмау мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.
Түзетулер шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылар немесе олармен үлестес тұлғалар өңдеу үшін мұнайды тікелей жеткізуді, мұнайды тікелей мұнай өңдеу зауыттары өзі сатып алуды, мұнай өнімдерін тек меншік немесе жалға алу құқығында мұнай базалары бар тұлғаларға көтерме жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды.
4-слайд. ӨҢІРДІ ГАЗДАНДЫРУ
Өңірді газдандыруға қатысты.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының газдандыру деңгейі 93,6%-ды құрайды немесе шамамен 869 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру әртүрлі қаржыландыру бағдарламалары арқылы жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ҚазақГаз компаниясының қаражаты есебінен жүргізіледі.
2022 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 16 жобаны іске асыруға 6,1 млрд.тг. бөлінді, оның ішінде 7 жоба аяқталды.
7 жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 4,4 мың адам тұратын 7 елді мекен табиғи газға қол жеткізді.
2023 жылы 7 жобаны іске асыруға 6,7 млрд. теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 елді мекенді немесе 3 мыңнан астам адамды табиғи газға қосуға мүмкіндік беретін 4 жобаны аяқтау жоспарлануда.
5-слайд. ГАЗ ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕСІН САЛУ ЖОБАСЫ
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласын өз мүмкіндіктері шегінде жұмыс істейтін 2 магистральдық газ құбыры – «Жаңажол-Ақтөбе» және «Бұхара-Орал» газбен қамтамасыз етеді.
1) «Жаңажол-Ақтөбе» магистральдық газ құбыры. Газ құбырының жобалық өткізу қабілеті 80 мың м3/сағ, бұл ретте нақтысы 100 мың м3/сағ.
2) «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбыры. 2 желінің жобалық өткізу қабілеті 448 мың м3 / сағ құрайды. Алайда, газ құбырының жоғары тозуына байланысты нақты өткізу қабілеті сағатына 360 мың м3 құрайды.
Үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ газға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырынан «Ақтөбе қаласында магистральдық газ бұру құбырының 3-ші желісін салу» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі, жобаның жалпы құны - 43,4 млрд.теңге.
2023 жылы Республикалық бюджеттен 3,9 млрд. теңге қарастырылған, сондай-ақ 6,9 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталуда.
Аталған жобаны іске асыру өңірдегі газ тасымалдау инфрақұрылымының қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Жаңажол-Ақтөбе» магистральдық газ құбырының нашар жай-күйін және Темір, Мұғалжар, Байғанин, Ойыл, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласы сияқты ірі аудандарды газбен қамтамасыз ететін осы газ құбырының маңыздылығын ескере отырып, қазіргі уақытта Министрлік «QazaqGaz» ҰК АҚ-мен бірлесіп, «Жаңажол-Ақтөбе» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу мәселесін қарастыруда. Оның ұзындығы 244 км, жобаның болжамды құны 109 млрд. теңге.
6-слайд. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫ
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету де Министрліктің басым міндеті болып табылады.
Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн. тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіру 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.
Бұдан басқа Қазақстанда сұйытылған мұнай газы бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литр үшін 50-ден 70 теңгеге дейінгі деңгейде. Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Ақтөбе облысы үшін бағасы 1 литр үшін 50-55 теңгені құрайды.
Өңірде 3 газ толтыру станциясы және 196 автогаз құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 154,5 мың тоннаны, 2023 жылдың қаңтар-ақпан кезеңінде – 26 мың тоннаны құрады.
2023 жылы «Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша» Заң қабылданады деп күтілуде.
Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.
7-слайд. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ
Келесі блок - Электр энергетикасы блогы.
Өңірдің электр энергетикасы саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Ақтөбе қаласында электр энергиясы мен жылу энергиясының көзі Ақтөбе жылу электр орталығы болып табылады, оның белгіленген электр қуаты 118 МВт-қа, жылу қуаты 878 Гкал/сағатқа тең.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысында электр энергиясын қуаты 152 МВт «Жаңажол газ турбиналы электр станциясы» ЖШС және қуаты 39 МВт «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өндіреді.
2022 жылы өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 3,7 млрд.кВт\сағатты құрады. Бұл ретте өңірдің тұтынуы 6,9 млрд.кВт\сағатты құрайды.
Облыстың өңірлік электр желілік компаниясы «Энергосистема» ЖШС болып табылады, оның активтерінде 14,3 мың км электр таратудың кабельдік және әуе желісі мен шамамен 2 мың кіші станциясы бар. Электр желісі шаруашылығының физикалық тозуы 66%-ды құрайды.
2022 жылғы 18 қарашада Министрлік пен Ақтөбе жылу электр орталығының арасындағы инвестициялық келісім шеңберінде Ақтөбе жылу электр орталығында қуаты 57 МВт газ турбина қондырғысы іске қосылды.
Сонымен қатар 2022 жылғы 17 желтоқсанда іске қосу-баптау жұмыстарының аяқталу сатысында Газ турбина қондырғысының авариялық тоқтауы орын алды, себебін анықтау және салдарын жою үшін шамамен 6 ай уақыт қажет.
Жобаны іске асыру станцияның белгіленген қуатын 175 МВт-қа дейін ұлғайтуға, бұл электр энергиясын өндіруді жылына 400 млн. кВтсағатқа арттыруға мүмкіндік береді.