Вице-министр А. Ғ. Хасеновтың Қызылорда облысының халқы алдында есепті кездесуіне арналған тезистер

Қайырлы күн,

құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!

 

Алдымен, осы аймақтың отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы туралы қысқаша мәлімет беруге рұқсат етіңіздер.

Осыдан кейін мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайын боламын.

Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланғанын атап өткім келеді.

Министрлік сондай-ақ газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігінде халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.

 

2-слайд. МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ

Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 5-ші мұнай өндіруші өңір болып табылады, оның үлесіне ел бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің шамамен 4,8%-ы тиесілі.

2022 жылы мұнай өндіру 4 млн. тоннаны құрады.

Айта кету керек, Қызылорда облысында игеріліп жатқан кен орындарының басым бөлігі игерудің кеш сатыларында тұр, бұл кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады.

Жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында Энергетика министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы қолдау шараларының топтамасын ұсыну мәселесін пысықтауда.

Сондай-ақ Оңтүстік Торғай шөгінді бассейнінің бұрғылау жұмыстарымен зерттелуі шамамен 2,5-3 мың метрді құрайтынын атап өткім келеді.

Алайда анағұрлым терең горизонттарда көмірсутек кен орындарын ашу мүмкіндігі бар.

Мәселен, бүгінде ҚазМұнайГаз Торғай Палеозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр болатын іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастауды жоспарлап отыр, аяқтау мерзімі – 2024 жылдың соңы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша тауарлық газ өндірісі 175 млн. текше метрді құрады.

Тауарлық газ өндіру көлемін ұлғайту мақсатында қазіргі уақытта Онтүстік Ақсай газ конденсатты кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға беру күтілуде, оның шикі газды өндірудің жоспарланған көлемі жылына 100 млн. текше метрді құрайды.

Газдың бұл көлемі Ақшабұлақ кен орнындағы газ дайындау қондырғысында өңделетін болады.

Бұдан басқа, жергілікті жер қойнауын пайдаланушылармен Қызылорда облысының газ ресурстық базасын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қосымша 300 млн. текше метр газ анықталды, олар да Ақшабұлақтағы газ дайындау қондырғысында қайта өңдеуге жіберілетін болады.

 

3-слайд. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ

Жалпы, бүгінгі таңда алынатын мұнай қоры шамамен 97 млн. тоннаны құрайтынын ақпарат үшін атап өткім келеді.

Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары (газ қалпақшасындағы бос газ және газ) шамамен 39 млрд. текше метрді құрайды, оның 80%-ы бос газ болып табылады, оны бүгінгі күнге дейін өндіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды.

Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруға, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестициялауға мүмкіндік беретін газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленді.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес Қызылорда облысында аукцион арқылы жер қойнауының 2 учаскесі: Шығыс Караванчи және Орталық Караванчи учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялар – 1,8 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасын ұлғайту мақсатында әзірленген Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша Шығыс Ащысай, Оңтүстік Арал және Солтүстік Арал сияқты 3 перспективалы жер қойнауы учаскесі бар.

 

4-слайд. ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ

Халықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Министрлік стационарлық автожанармай құю станцияларында АИ-80, 92-93 бензиндерін, жазғы және маусымаралық дизель отынын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын реттеуді белгіледі.

Қазақстан Республикасында дизель отыны, АИ-92, АИ-95 литрінің бөлшек сауда бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір төмен екенін атап өткім келеді.

Алайда бұл фактор отандық мұнай өнімдерінің сыртқа әкетілуіне әсер етуде, бұл ішкі нарықта тапшылық тудырады.

Отандық мұнай өнімдерін әкетуді болдырмау мақсатында Министрлік мынадай шаралар қабылдады:

- дизель отынының бағасы бірнеше есе жоғары шекара маңындағы елдерге бақылаусыз әкету тәуекелдерін төмендету мақсатында дизель отынының бағасын саралау белгіленді;

- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу ұзартылды.

Бұдан басқа, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды болдырмау мақсатында заңнамалық нормалар қабылданды.

 

5-слайд. АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ

Өңірді газдандыруға қатысты.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70%-ды құрайды немесе шамамен 584 мың адам табиғи газбен қамтамыз етілген.

Газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру әртүрлі қаржыландыру бағдарламалары арқылы жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ҚазақГаз компаниясының қаражаты есебінен жүргізіледі.

2023 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 13 жобаны іске асыруға 7,2 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген. Қызылорда облысы қаржыландыру көлемі бойынша ел бойынша 3-ші орында.

 

6-слайд. АЙМАҚТЫ ГАЗДАНДЫРУ

2023 жылдың қорытындысы бойынша Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық сияқты 12 елді мекен газбен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы шамамен 33 мың адам газға қол жеткізетін болады.

 

7-слайд. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫ

Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету де Министрліктің басым міндеті болып табылады.

Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн. тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.

Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіру 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.

Бұл ретте Қазақстанда сұйытылған мұнай газы бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литр үшін 50-ден 70 теңгеге дейінгі деңгейде. Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанда  сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Қызылорда облысы үшін бағасы 1 литр үшін 60-65 теңгені құрайды.

Өңірде 6 газ толтыру станциясы (көтерме) және 178 автомобильге газ құю станциясы бар.

Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 90 мың тоннаны, өндіру деңгейі 75,2 мың тоннаны құрады.

2023 жылы «Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша» Заң қабылданады деп күтілуде.

Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

 

8-слайд. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

Келесі блок - Электр энергетикасы блогы.

2022 жылы өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 0,6 млрд. кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірдегі тұтыну 1,9 млрд. кВтсағ құрайды.

Облыстың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін Қызылорда жылу электр орталығы қамтамасыз етеді, оның белгіленген электр қуаты 113 МВт, жылу қуаты 578 Гкал/сағ.

Жергілікті жылу электр орталығы 1964 жылы енгізілгенін назарға ала отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың қарқынды дамуы аясында кәсіпорын аумағында қуаты 240 МВт және 283 Гкал қазіргі заманғы бу-газ қондырғысы салынатын болады.

Болашақ энергия көзін пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл.

Облыстағы өңірлік электржелілік компания «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» болып табылады, оның активтерінде 10 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Сонымен қатар, кәсіпорынның теңгерімінде               1,8 мың кіші станция бар. Электр желісінің физикалық тозуы 69% құрайды.

 

9-слайд. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 6 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді.

2022 жылғы 10 қарашадағы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша Арал ауданында қуаты 20 МВт болатын күн электр станциясын салу жобасы бойынша (аукциондық бағасы 16 тг/кВт*сағ) «Тесис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталды. Жобаны 2027 жылға дейін іске асыру жоспарланған.

 

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Осымен баяндамам аяқталды, айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендіргім келеді.

Біз осы міндеттерді толық және уақтылы шешу үшін бар күшімізді саламыз.

Әрі қарай, Сіздерді толғандыратын проблемалық мәселелерге көшуді ұсынамын.

Мен сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.