ҚР Энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің 21 қаңтардағы Үкімет отырысында жасаған баяндамасы
Мемлекет басшысының Көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту қажеттігі туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмасын Министрлік орындауға кірісті.
Атап айтқанда, бұл Жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациялау жобалары енгізілетін болады.
Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» технологиялар негізіндегі жаңа көмір генерациясының жобаларына ерекше назар аударылатын болады.
Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімдері өзгермейді және олардың іске асырылуы Министрліктің толық бақылауында.
Әрбір жоба көмір генерациясын дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан Ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталатын және тіркелетін болады.
Бұдан басқа, 2026 жыл Мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленгенін, осы салада бірқатар ірі жобаларды іске асыру күтілуде.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Министрлік деректерді өңдеу орталықтарының жоғары энергия сыйымдылығын ескере отырып, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде қажет болған жағдайда ұлғайту жағына жаңа қуаттарды енгізу жөніндегі жоспарларды қайта қаралатын болады.
***
Президент жаңа кен орындарын іздеу есебінен табиғи газдың әлеуетін күшейтуді тапсырды.
Газ саласының ұзақ мерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен геологиялық барлау жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асыруда.
Қазіргі уақытта шамамен 515 млрд. текше метр газды алдын ала ресурстық бағалаумен жер қойнауының 14 учаскесінде жұмыстар жүргізілуде.
Орта мерзімді перспективада геологиялық барлау портфелін газдың жиынтық ресурстық бағасы шамамен 1,7 трлн. текше метр болатын 30 учаскеге дейін кеңейту көзделеді. Бұл өндірісті ұлғайту және болжамды ішкі сұранысты жабу үшін тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге инвестициялық қызметті жандандыру және геологиялық тәуекелдерді бөлу мақсатында жер қойнауының 50 жуық учаскесін электрондық аукциондарға шығару жоспарлануда. Осы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «QazaqGaz», «Самұрық-Қазына» және инвесторлардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады.
ГИДРОЭНЕРГЕТИКА. Еліміздің гидроэнергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталды.
Министрлік елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялау арқылы бастады.
Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
***
Құрылтайда авиаотын бағасы көрші елдердегі әуежайлармен салыстырғанда тым қымбат әрі бәсекеге қабілетсіз екені айтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша авиахабтарды дамыту контексінде «қанатқа» авиаотын тоннасының құны 1200-ден 940 долларға дейін төмендетілді, одан әрі нысаналы төмендеуі тоннасына – 890 доллар.
Бұл отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және «Air Atlanta», «Hungary Airlines», «One Air» сияқты халықаралық авиакомпаниялардың рейстер санын арттыруға мүмкіндік берді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Құрметті Олжас Абайұлы, жоғарыдағы Мемлекет басшысының тапсырмалары Министрліктің ерекше бақылауында.