ҚР Энергетика министрі Ерлан Аккенженовтің 28 қазандағы Үкімет отырысында жасаған баяндамасы

Жалпы, еліміздің энергетикалық жүйесі штаттық режимде және Ресей мен Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатар жұмыс істеуде.

237 электр станциясы, оның 79 дәстүрлі генерация көздері, қалған 158 жаңартылатын энергия көздерінен тұрады.

Министрлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, қуаттарды кеңейтуге және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған тұрақты негізде шаралар қабылдауда.

26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды 2035 жылға дейін енгізуді көздейтін жоспар аясындағы жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Жаңа қуаттарды іске қосу қолданыстағы станцияларды жаңғырту арқылы және жаңа нысандарды салу арқылы да жүзеге асырылады.

Өткен жылы 771 МВт жаңа қуат іске қосылды, оның 608 МВт дәстүрлі ал 163 МВт жаңартылатын энергия көздері.

Жалпы, 2029 жылға дейін жаңа 6,7 ГВт қуат көздерін іске қосу жоспарлануда.

Мәселен, 2025 жылы 621 МВт іске қосу жоспарланған, оның ішінде 166 МВт дәстүрлі ал 455  МВт жаңартылатын энергия көздері.

Бүгінгі таңда 370  МВт іске қосылды, оның ішінде 216  МВт жаңартылатын энергия қуаты. Жылдың соңына дейін 251 МВт іске қосылады.

2026 жылы шамамен 2 600 (екі мың алты жүз) МВт қуаттылықты, оның ішінде жиынтық қуаттылығы 174 МВт жаңартылатын энергия объектісін енгізу жоспарлануда.

2027 жылы қуаттылығы шамамен 1 500 МВт, оның ішінде қуаттылығы 573 МВт болатын жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарлануда.

2028 жылы 2 000 МВт-тан астам қуаттылықты, оның ішінде 245 МВт жаңартылатын энергия объектісін іске қосу жоспарлануда.

Осылайша, 2029 жылы экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін жабу және энергия жүйесін профицитпен қамтамасыз ету күтілуде, бұл елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының таза көмір технология базасында көмір генерациясын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, Министрлік экологиялық талаптар мен нормаларына сай келетін бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда 3-ші Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының құрылысы үшін инвесторды айқындау бойынша тендер өткізілді және Курчатов қаласында Жылу электр станциясын салу үшін тендер жариялау жоспарлануда.

Сондай-ақ, тікелей шарттар шеңберінде Министрлік «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы компаниясымен бірлесіп Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын (ТЭЦ) құруға арналған жобалар іске асырылуда, онда түтін газдарын тазалаудың озық жүйелері, ауыр металдарды ұстау технологиялары қолданылатын болады.

Маневрлік генерацияны құруға бағытталған аукционды өткізу аясында Астана және Шымкент қалаларында бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды.

Жалпы аталған механизм оң нәтижелер көрсетуде және 2022 мен 2024  жылдары жалпы қуаты шамамен 2,5 ГВт болатын бу-газ қондырғыларын салу бойынша 8 жобаның инвесторларын анықтауға мүмкіндік берді.

Қытайдан, Еуропадан және араб елдерінен келген стратегиялық инвесторлардың қатысуымен үкіметаралық келісімдер шеңберінде қуаты шамамен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1  ГВт энергияны жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ауқымды жобалар пысықталуда.

2035 жылға дейін жоспарланған жаңартылатын энергия көздерінің электр энергияны тұрақсыз беруін ескере отырып, энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін, оларды маневрлік бу-газ қондырғылары арқылы теңдестіру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта энергетика саласында  Бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесін (БМБЖ, EnergyTech) құру және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде (бұдан әрі – EnergyTech).

EnergyTech платформасы QazTech бірыңғай талаптарына сәйкес отын-энергетика кешенінің барлық салаларын бір платформалық шешім негізінде біріктіреді.

Платформа энергетикалық сектордан, жер қойнауын пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі Отын-энергетика  негізгі саладағы басқару процестерін үйлестірудің өтпелі контурын қамтуды қамтамасыз етеді

2026–2027 жылдары жүйені толық әзірлеу және өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы 7 цифрлық сервис пайдалануға беру кезеңінде, олардың ішінде энергетика секторына қатысты 2  сервис бар:

  • күзгі-қысқы кезеңге дайындық және одан өту барысын мониторингтеуге арналған цифрлық шешім;
  • шекті тарифтерді бекіту бойынша цифрлық сервис

2025 жылы тәжірибелік пайдалануға күзгі-қысқы кезеңнің дайындығын және одан өтуді мониторингтеудің салалық сервисі іске қосылды.

Сервис активтерді толық есепке алуды, бақылауды, объектілерді онлайн бақылауды және бірыңғай цифрлық ортада жөндеуді жоспарлауды қамтамасыз етеді.

Деректерді біріздендіруді, активтер элементтері мен және иерархияларды теруді, жабдықты нормативтермен, жөндеу циклдерімен байланыстыруды қамтамасыз ету үшін жүйеде барлық объектілердің, тоораптардың және жабдықтардың цифрлық тізілімдері құрылды.

Нақты уақыттағы қызмет генерациялау объектілерінің жұмыс режимдері туралы деректерді алады.

Келесі кезең – ақаулардың қағаздағы журналынан цифрлық тізілімдерге жаппай көшу. Активтер туралы верификацияланған деректерді жүктеу, жөндеу мерзімдерін тұрақты бақылау және сервис жұмысын жетілдіру, мұның бәрі бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Цифрлық сервистен күтілетін әсер мынадай:

-     күзгі-қысқы кезеңге дайындық мониторингінің жалпы мерзімін 90 күнге дейін қысқарту;

-     күзгі-қысқы кезеңдегі авария қаупін 25 % - дейін төмендету.

Сондай-ақ ағымдағы жылы станциялардың шекті тарифтерін бекітуге арналған өтінімдерді қабылдаудың және оларды қараудың цифрлық сервисі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Сервис қағаз түріндегі құжат айналымын толықтай жойып, Министрлік қызметінде ашықтықты және басқарушылық рәсімдерін көтереді, мерзімдерді және операциялық шығындарды азайтады.

Қазіргі кезеңде генерациялаудың 63 субъектісі, 83 объектісі, өңделген 1 664  құжат қамтылған.

Сервистен алынған негізгі тиімділік мынадай:

  • келісу регламенттеріндегі бизнес-процестер саны 2 есеге қысқартылды;
  • өтініш берушілерге түсетін әкімшілік жүктеме 56% ға төмендеді.

Слайд № 8

Электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге қатысты төмен және орташа кернеу желілерінде әлсіз қамту байқалады.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыру шеңберінде электр энергиясын есепке алудың зияткерлік жүйелерін қамту үлесін ұлғайту жоспарланып отыр.

Осыған байланысты Ұлттық жоба шеңберінде  электрмен жабдықтаудың 27 субъектісінде шамамен
4 миллион «ақылды» есепке алу аспаптарымен жарақтандыру жоспарлануда.

Күтілетін экономикалық тиімділік электр энергиясының нормативтік шығындарын азайту есебінен 57 млрд теңге көлемінде бағаланады.

Жылу энергиясын есепке алуға қатысты, сондай-ақ ұлттық жоба шеңберінде жылу энергиясын автоматтандырылған есепке алуды кеңінен енгізу жоспарлануда.

Жылумен жабдықтау объектілері мен ірі тұтынушылар қазірдің өзінде жабдықталған, бірақ магистральдық және тарату жылу желілерінде негізгі алшақтық бар.

Бүгінде 52 субъекті бойынша мәлімделген қажеттілік – жылу энергиясын есептеудің шамамен 30 мыңнан астам «ақылды» аспабы.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес, кешенді есепке алу жүйесін енгізу нәтижесінде жылу энергиясын үнемдеу
15%-ға дейін жетуі мүмкін.

Ұлттық жоба шеңберінде аспаптандыру жұмыстары үшін есепке алу аспаптарының тек отандық өндірушілерін тарту жоспарлануда.

Жүйелерді біріктірудің бірыңғай архитектурасы EnergyTech платформасының аналитикалық базасына барлық есепке алу аспаптарынан деректерді жинауды қамтамасыз етеді.

 

 

 

Слайд № 10

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың ұлттық жобасы мен «Электр энергетикасы туралы» Заңның шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығы мен отын-энергетикалық кешені саласындағы инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторын құру көзделген.

Ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығы технологиялық үдерісті автоматтандырылған басқару жүйесін қорғауға баса назар аудара отырып, салалық талаптарды қалыптастырады, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының жұмысын үйлестіретін болады. Отын-энергетикалық кешені саласындағы киберқауіпсіздік бойынша инциденттер индикаторларымен алмасуды және кадрлық әлеуетті дамытуды қамтамасыз етуге тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы қорғалған байланыс арналарын және отын-энергетикалық кешені субъектілерінің технологиялық деректерін Министрліктің Ахуалдық-талдамалық орталығына үздіксіз беруді қамтамасыз етуге тиіс. «

Анықтама: отын-энергетика кешені саласындағы Ақпараттық қауіпсіздік салалық орталығы мен Инфокоммуникациялық инфрақұрылым операторының функциялары «Отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамына жүктелген.

2024 жылдың IV тоқсанында Министрліктің Ахуалдық-талдамалық орталығы (Ситуациялық орталық) іске қосылды. Ахуалдық-талдамалық орталық эталондық анықтамалықтар және EnergyTech платформасының онлайн деректерінің шоғырландырылған ағындары негізінде отын-энергетикалық кешені салаларын мониторингтеу құралы болып табылады.

Ахуалдық-талдамалық орталық энергия ресурстарын генерациялау, беру және тұтыну объектілерінен деректерді қорғалған онлайн жинауды, верификациялауды, корреляциялауды және талдауды қамтамасыз етеді.

 

Энергетика министрлігі салада жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Бұл ретте  отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізу жөніндегі Акселерациялық топ құрылды. Аталған топтың құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.

Параллельді түрде салада жасанды интеллект (ЖИ) шешімдері бар жаһандық вендорлар мен ІТ-компаниялардан құралған AI-альянс құрылды.

Отандық ІТ әзірлеушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі мен Astana Hub резиденттері арасында салаға жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Ағымдағы жылы екі жасанды интеллект шешімі пилоттық апробациядан сәтті өтті:

  • Бірінші кейс – дрондар мен жасанды интеллектні қолдана отырып, әуе электр беру желілерінің ақаулықтарын тексеру (дефектоскопия) жүйесі.

Күтілетін экономикалық тиімділік — шығындарды азайту есебінен 2,5 млрд теңге.

  • Екінші кейс – роботтандырылған кешен мен жасанды интеллектіні қолдана отырып, жылу желілерінің құбырішілік дефектоскопиясы.

Күтілетін экономикалық тиімділік жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау есебінен 42 млрд теңгені құрайды.

Аталған екі кейс те қазіргі уақытта нормативтік бекіту және өнеркәсіптік масштабтау кезеңінде тұр.

Энергетика министрлігі бұдан әрі де салада жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.